Видео

Арктикада үш атомды суасты қайық мұз қабатын жарып шықты – видео

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин кеңес және заманауи Ресей тарихында бұл экспедицияның баламасы болмағанын айтты

Арктикаға бір уақытта бет алған Ресейдің үш атомды суасты қайығы бір-бірінен 300 метр қашықтықта қалың мұз қабатын жарып өтті. Бұл маневр Ресейдің ӘТФ бс қолбасшысының жетекшілігімен "Умка-2021" кешенді арктикалық экспедиция аясында жүзеге асырылды.

Экспедиция 20 наурыздан бері жалғасып келеді.

Сүңгуір қайықтардан бөлек ресейлік МиГ-31 жойғыш ұшақтары да айрықша маневрлер орындады.

Оқи отырыңыз: Суэц каналындағы кептеліс: Ever Given кемесі әлемдік экономиканы қалай тоқтатты

Экспедиция қалай өтіп жатыр және бұл шара АҚШ-ты неге алаңдатып отырғаны туралы толығырақ видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0