Ондаған кеме кептелісте қалып қойды, қазір мамандар келтірілген шығынды есептеп жатыр. Суэц каналы - әлемдегі ең маңызды әрі ең тығыз сауда жолдарының бірі.
Әлемдік сауда үшін арнаның бөгеттелуі қанша шығын әкелгенін видеодан біле аласыз.
Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сәйкес, Суэц каналындағы қозғалысты тоқтатқан Ever Given контейнер тасымалдаушы арнадан шығарылды деп хабарланды. Бұл туралы Inchcape Shipping теңіз қызметін жеткізушісі жариялады.
Суэц каналының қозғалыс үшін қашан дайын болатыны әлі белгісіз. Қазір кезекте 450-ден астам түрлі кеме тұр.