Қоғам

Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын салдырды – фото

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКАлия Назарбаева
Алия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Денсаулықтың басты кепілі белсенді өмір салтын ұстану, барлығына позитивпен қарау екенін ұмытпау қажет, деп атап өтті Елбасының қызы  

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Назарбаева Instagram парақшасында вакцина салдырған сәттен фото жариялап, вакцина тақырыбында әркім жеке шешім қабылдайтынын жазды.

"Вакциналау туралы көптеген пікір бар және әркім оған байланысты жеке шешім қабылдауға құқылы. Демалыста жүргенде қытай вакцинасын салдырдым. Жағдайым жақсы. Алайда денсаулықтың басты кепілі белсенді өмір салтын ұстану, күн және барлығына позитивпен қарау екенін ұмытпау қажет", - деді Назарбаева.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты 

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Жаңалықтар
0