Қоғам

Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневДарига Назарбаева
Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Дариға Назарбаева Спутник V вакцинасын салдыруды жоспарлап отыр, қазақстандықтарға да вакциналаудан өтуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Спутник V вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Міндетті түрде салдырамын. Сіздерге де кеңес беремін", - деді Назарбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қандай вакцина салдырасыз деген сұраққа:

"Әрине, Спутник. Отандық вакцина әлі тіркелген жоқ қой", - деп жауап берді.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай да Sputnik Қазақстанға COVID-19-ға қарсы вакцина алуға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ, ресейлік "Спутник V" немесе қазақстандық QazCovid-IN вакциналарының қайсысын егетінін шешпеген.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтса, әділет министрі Марат Бекетаев дәрігерлердің кеңесіне құлақ асатынын жеткізді.

Коронавирусқа қарсы вакцина

Биыл 1 ақпанда Қазақстанда Спутник V вакцинасын салу басталды. Ақпан айында барлығы 112 мың доза вакцина, ал наурызда 150 мың жеткізіледі. Ал сәуір-маусым аралығында вакцина дозасы ай сайын 600 мың болады.

Сондай-ақ, сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасы егіле бастайды. Бастапқыда көлемі 15 мың болса, ай сайын 500 мың дозаға дейін артады.

Екпе, бірінші кезекте, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен әскерилерге салынады.

Жаңалықтар
0