Қоғам

Тоқаев Шепель туралы: өмірін халық игілігі жолында қызмет етуге арнады

© Photo : Официальный сайт президента РККасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2021
Жазылу
Президент Шепельдің үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің отбасына көңіл айтты.

Қазақстан президенті Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды", – делінген көңіл айту жеделхатында.

Мемлекет басшысы Владимир Шепельдің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Владимир Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізген еді.

Мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепель 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол әр жылдары президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, мемлекет басшысы кеңсесінің басшысы болып қызмет етті. Он жыл президент архивін басқарды. Түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Жаңалықтар
0