Қоғам

Назарбаев Шепельдің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет
Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2021
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Шепель тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Елбасы Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

"Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол әртүрлі жылдары президент әкімшілігінде қызмет етті. Он жыл президент архивін басқарды. Түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жаңалықтар
0