Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ұлт өкілдерінің көрікті келбеті құндылықтар насихатына айналды – фото

Жазылу
Фотограф Наталья Иванова жеті жыл бұрын "Ұлт келбетіндегі сұлулық" жобасын бастағалы түрлі ұлттың жүздеген өкілі өз келбетімен ұлттық құндылықтарын паш етіп келеді

Ресейлік фотографтың авторлық жобасы арқылы әйгілі "Сұлулық әлемді құтқарады" сөзі жаңа мағынаға ие болды.

Натальяның айтуынша, жобаның міндеті – бұл этно-мәдени жиынтықтың нақты ауқымын толық әрі жүйелі түрде шығармашылық сипатта көрсету. Бұл ретте оның санына емес, сапасына ден қойылып, әрбір этносты ерекше бейнелеуге мән беріледі.

Әдетте, әлем адамдар ойлағаннан әлдеқайда бай. Фотограф өзінің осы жобасымен әлемнің әр түкпіріндегі ұлттардың құндылықтарын ерекше етіп көрсеткісі келеді.

"Азаматтық шектеулерге байланысты әлемде өмір сүріп жатқан халықтардың шамамен 90%-і назардан тыс қалады. Өйткені олар тәуелсіз мемлекеттер ретінде ұсынылмайды", – деп санайды жоба авторы.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамында ұлттық киім киген қыз-келіншектер – фото

"Ұлт келбетіндегі сұлулық" жобасын (The Ethnic Origins of Beauty) ЮНЕСКО мойындады және алғаш рет 2014 жылы наурызда ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде Халықаралық әйелдер күніне арналған көрмеде ұсынылды.

© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / ANGLO-AUSTRALIANЮНЕСКО шеңберінде мойындалған The Ethnic Origins of Beauty жобасына әр ұлттың сұлу қыздары қатысады. Жоба қатысушысы – ағылшын-австралиялық этникалық топтың өкілі.
Ағылшын-австралиялық этникалық топ өкілі - Sputnik Қазақстан
1/15
ЮНЕСКО шеңберінде мойындалған The Ethnic Origins of Beauty жобасына әр ұлттың сұлу қыздары қатысады. Жоба қатысушысы – ағылшын-австралиялық этникалық топтың өкілі.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / NIVKHЖоба авторы Наталья Иванова жастық, сұлулық пен сүйкімділікті – ең әмбебап және түсінікті тіл деп санайды. The Ethnic Origins of Beauty жобасына қатысушы – нивх этникалық тобының қызы.
Жобасына қатысушы – нивх этникалық тобының қызы - Sputnik Қазақстан
2/15
Жоба авторы Наталья Иванова жастық, сұлулық пен сүйкімділікті – ең әмбебап және түсінікті тіл деп санайды. The Ethnic Origins of Beauty жобасына қатысушы – нивх этникалық тобының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / BackstageЖоба аясында кейіпкерлер фотографтың камерасына түсіп қана қоймай өзі жайлы айтып, өз ұлтының ерекше құндылықтары туралы да қысқаша баяндайды. The Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілім кезі.
he Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілім кезі - Sputnik Қазақстан
3/15
Жоба аясында кейіпкерлер фотографтың камерасына түсіп қана қоймай өзі жайлы айтып, өз ұлтының ерекше құндылықтары туралы да қысқаша баяндайды. The Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілім кезі.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / UKRAINIANЖобаның басты мақсаты сұлулықты паш ете отырып, ұлттық құндылықтарды насихаттау идеясы еді және солай болып қала береді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында украин этносының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында украин этносының қызы - Sputnik Қазақстан
4/15
Жобаның басты мақсаты сұлулықты паш ете отырып, ұлттық құндылықтарды насихаттау идеясы еді және солай болып қала береді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында украин этносының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / RUSSIANЖоба авторының айтуынша, этникалық әртүрлілікке назар аудару – әлемнің әр түкпіріндегі сұлулыққа бірдей таңданыс тудыратын жалпыадамзаттық құндылыққа айналды. The Ethnic Origins of Beauty жобасында орыс этносының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында орыс этносының қызы - Sputnik Қазақстан
5/15
Жоба авторының айтуынша, этникалық әртүрлілікке назар аудару – әлемнің әр түкпіріндегі сұлулыққа бірдей таңданыс тудыратын жалпыадамзаттық құндылыққа айналды. The Ethnic Origins of Beauty жобасында орыс этносының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / BackstageӘлемдегі ең кішкентай ұлттардың өзі Наталья Иванованың назарынан тыс қалмады және оның жоғары бағасына ие болды. The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі – тигринья қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі – тигринья қызы - Sputnik Қазақстан
6/15
Әлемдегі ең кішкентай ұлттардың өзі Наталья Иванованың назарынан тыс қалмады және оның жоғары бағасына ие болды. The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі – тигринья қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / KHMERТарихы қанша мыңжылдықты құраса да, әйелдің сұлулығы – сол ұлттың рухани кодын сақтаушы ретінде танылады әрі сол ұлттың мәдениетін түсінудің әмбебап стандарты болып қала береді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында кхмер этникалық тобының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында кхмер этникалық тобының қызы - Sputnik Қазақстан
7/15
Тарихы қанша мыңжылдықты құраса да, әйелдің сұлулығы – сол ұлттың рухани кодын сақтаушы ретінде танылады әрі сол ұлттың мәдениетін түсінудің әмбебап стандарты болып қала береді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында кхмер этникалық тобының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / ICELANDERЖоба алғаш рет 2014 жылы таныстырылды. The Ethnic Origins of Beauty жобасында исландиялық этникалық тобының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында исландиялық этникалық тобының қызы - Sputnik Қазақстан
8/15
Жоба алғаш рет 2014 жылы таныстырылды. The Ethnic Origins of Beauty жобасында исландиялық этникалық тобының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / BackstageЖоба өмір сүрген жеті жыл ішінде жүздеген әдемі тұлғалар әлемнің әр түкпіріндегі көрмелерде көрермендер көзайымына айналды. The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі езид қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі езид қызы - Sputnik Қазақстан
9/15
Жоба өмір сүрген жеті жыл ішінде жүздеген әдемі тұлғалар әлемнің әр түкпіріндегі көрмелерде көрермендер көзайымына айналды. The Ethnic Origins of Beauty жобасындағы түсірілім кезіндегі езид қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / ABKHAZЖоба авторының басты мақсаты – әлем адамдарының "жүректеріне жетуге" деген ұмтылыс болды және солай болып қала береді. Абхаз этникалық тобының қызы The Ethnic Origins of Beauty жобасында.
Абхаз этникалық тобының қызы The Ethnic Origins of Beauty жобасында - Sputnik Қазақстан
10/15
Жоба авторының басты мақсаты – әлем адамдарының "жүректеріне жетуге" деген ұмтылыс болды және солай болып қала береді. Абхаз этникалық тобының қызы The Ethnic Origins of Beauty жобасында.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / REUNIONESEАдамдарға әртүрлі келбеттегі шынайы сұлулықты көрсете отырып, оларға бір-бірін қабылдауды және өзара толеранттылықты үйрету – жобаның басты міндеті. The Ethnic Origins of Beauty жобасында реюньон этносының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында реюньон этносының қызы - Sputnik Қазақстан
11/15
Адамдарға әртүрлі келбеттегі шынайы сұлулықты көрсете отырып, оларға бір-бірін қабылдауды және өзара толеранттылықты үйрету – жобаның басты міндеті. The Ethnic Origins of Beauty жобасында реюньон этносының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / BackstageЖоба шарты бойынша әр ұлттан үш фотопортрет қабылданады және сол кейіпкерлермен қысқаша сұхбаттасу жоспарланған. The Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілімінде (осетин қызы).
 The Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілімінде (осетин қызы) - Sputnik Қазақстан
12/15
Жоба шарты бойынша әр ұлттан үш фотопортрет қабылданады және сол кейіпкерлермен қысқаша сұхбаттасу жоспарланған. The Ethnic Origins of Beauty жобасының түсірілімінде (осетин қызы).
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / VIETNAMESEШарт бойынша 18 бен 35 жас аралығындағы қыздар жобаға қатысуға шақырылады. The Ethnic Origins of Beauty жобасында вьетнам этносының қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында вьетнам этносының қызы - Sputnik Қазақстан
13/15
Шарт бойынша 18 бен 35 жас аралығындағы қыздар жобаға қатысуға шақырылады. The Ethnic Origins of Beauty жобасында вьетнам этносының қызы.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / KARELIANОның сұхбатында қыздардың әрқайсысы өз ұлтына тиесілі екендігін сезінудің қандай болатыны туралы айтады. The Ethnic Origins of Beauty жобасында карелиялық этникалық топтың өкілі.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында карелиялық этникалық топтың өкілі - Sputnik Қазақстан
14/15
Оның сұхбатында қыздардың әрқайсысы өз ұлтына тиесілі екендігін сезінудің қандай болатыны туралы айтады. The Ethnic Origins of Beauty жобасында карелиялық этникалық топтың өкілі.
© Photo : Natalia Ivanova / "The Ethnic Origins of Beauty" project / BackstageЖобаның веб-сайтында суретші түрлі ұлт қыздарының фотосуреттерінен коллаждар жасап, олардың айырмашылықтарына қарамастан бәрінің әдемі екенін көрсетеді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында тунис қызы.
The Ethnic Origins of Beauty жобасында тунис қызы - Sputnik Қазақстан
15/15
Жобаның веб-сайтында суретші түрлі ұлт қыздарының фотосуреттерінен коллаждар жасап, олардың айырмашылықтарына қарамастан бәрінің әдемі екенін көрсетеді. The Ethnic Origins of Beauty жобасында тунис қызы.
Жаңалықтар
0