Қоғам

"6 жасқа толатындар барады": министрлік 1-сыныпқа қабылдау тәртібін жариялады

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Мектепке алты жастағы және осы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады, деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады. Мектепке алты жастағы және осы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Оның айтуынша, барлық құжатты "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  тапсыруға болады. Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап ете алмайды.

Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау ерте басталады

"Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс бір үміткер оқуға қабылданады", - деп атап өтті Каринова. 

Ресми мәліметке сәйкес, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа баратын балалардың саны 340 мыңнан асады деп болжанып отыр.

 

Жаңалықтар
0