19:46 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
168 0 0

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау науқаны 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден бастап қабылданатынын хабарлады. Ол 1 тамызға дейін жалғасады.

"Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Оқи отырыңыз: Вице-министр оқушыларды қандай жағдайда мектепке жібермеуге болатынын айтты 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • "бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Айта кетейік, былтыр құжат тапсыру 1 маусымда басталған болатын. 2020-2021 оқу жылы Қазақстан мектептерінде онлайн форматта басталды.

Кілт сөздер:
құжат, 1-сынып
Загрузка...

Басты тақырып