Өңірлер

Түркістан облысында қар барысы камераға түсіп қалды – видео

© Photo : strichpunktҚар барысы
Қар барысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Қар барысы өмір сүретін жерлерде ғалымдар түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, олардың әлемдік популяциядағы нақты саны әлі де белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қызыл кітапқа енген жануардың қайталанбас кадрлары теңіз деңгейінен 2 900 метр биіктікте тіркелген. Ал ондай видеоны экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды. 

"Қар барысы жер бетіндегі сирек кездесетін және ұстатпайтын жыртқыштардың бірі. Болжам бойынша Қазақстанда 120-130 шамасында қар барысы тіршілік етсе, олардың саны жыл өткен сайын азайып келеді", – делінген хабарламада.

Бүгінде қар барысы өмір сүретін жүзден астам нүктеде ғалымдар түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, олардың әлемдік популяциядағы нақты санын кесіп айта алмайды. Тек, жойылып кету алдында тұрған жануарлардың саны 4 мыңдай ғана деп болжанады.

Қорық туралы не білеміз

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. 

131 934 гектар аумақты алып жатқан қорық 1926 жылы құрылған.

Оқи отырыңыз: Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Бүгінде Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Жаңалықтар
0