22:21 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Фото

Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Қысқа сілтеме алу
51 0 0
  • Карелияның Кижи аралы
  • Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Бурабай көлі
  • Аркаим тарихи-мәдени қорығы
  • Павлодар облысының Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  • Орыс Арктикасы ұлттық паркіндегі морждар
  • Алтынемел ұлттық паркінің аумағы
  • Псков облысының Себежский ұлттық паркі
  • Алатау шатқалдарының бірінде орналасқан Қайыңды көлі
  • Қырымның Опук қорығындағы Кояш көлі
  • Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ұлттық паркі
  • Пушкиндегі Царское Село мемлекеттік музей-қорығының Александровский паркіндегі Үлкен Қытай көпірінің үстінде орналасқан мүсін.
  • Алакөл көлі
  • Саяно-Шушенский мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының аумағы.
  • Фин шығанағындағы Қайыңды арал
  • Липецк облысындағы Галичья Гора қорығындағы орналасқан жыртқыш құс тәлімбағындағы үкі.
  • Шарын шатқалы
  • Х.Шапошников атындағы Кавказ мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты аумағындағы Фишт-Оштен тау сілемі.
  • Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  • Камчаткадағы Кронот мемлекеттік табиғи биосфералық қорығындағы Шағын Семячик жанартауындағы кратер көлінің тікұшақтан көрінісі.
  • Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі.
© Sputnik / Ilya Timin
Карелияның Кижи аралындағы "Киджи" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және этнографиялық музей-қорығының аумағы.

11 қаңтар – қорықтар мен ұлттық парктер күні. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда он мемлекеттік табиғи қорық бар

Мемлекеттің ерекше қорғауындағы ұлттық табиғи парктердің төртеуі – табиғи резерват, елуі – табиғи қорықша және бес – қорықтық аймақ бар.

Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк (Баянауыл) 1985 жылы құрылды. Ұлттық парктер құрудың негізгі идеясы – адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жабайы табиғаттың ерекше аймақтарын сақтау болып табылады.

Елдегі ең үлкен әрі ерекше аймақ – Қатон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Ең ірі қорық саналатын Қорғалжын қорығы Ақмола мен Қарағанды облысында 543 171 гектар алқапты алып жатыр.

Қазақстанда ТМД үшін теңдесі жоқ Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы бар. Бұл экологиялық жағдайы экстремалды сипаттағы жалғыз қорық. Ол жаһандық дәрежедегі экологиялық апат (Арал теңізі тартылуы) аймағында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі ел аумағының 8,2%-ін құрайды.

Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде 108 қорық, 63 ұлттық парк және 60 мемлекеттік табиғи қорықша бар. Федералдық және өңірлік деңгейдегі ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі Ресей аумағының 13,6%-ін құрайды.

Кілт сөздер:
таңғажайып, табиғат
Загрузка...

Басты тақырып