Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Жазылу
11 қаңтар – қорықтар мен ұлттық парктер күні. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда он мемлекеттік табиғи қорық бар

Мемлекеттің ерекше қорғауындағы ұлттық табиғи парктердің төртеуі – табиғи резерват, елуі – табиғи қорықша және бес – қорықтық аймақ бар.

Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк (Баянауыл) 1985 жылы құрылды. Ұлттық парктер құрудың негізгі идеясы – адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жабайы табиғаттың ерекше аймақтарын сақтау болып табылады.

Елдегі ең үлкен әрі ерекше аймақ – Қатон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Ең ірі қорық саналатын Қорғалжын қорығы Ақмола мен Қарағанды облысында 543 171 гектар алқапты алып жатыр.

Қазақстанда ТМД үшін теңдесі жоқ Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы бар. Бұл экологиялық жағдайы экстремалды сипаттағы жалғыз қорық. Ол жаһандық дәрежедегі экологиялық апат (Арал теңізі тартылуы) аймағында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі ел аумағының 8,2%-ін құрайды.

Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде 108 қорық, 63 ұлттық парк және 60 мемлекеттік табиғи қорықша бар. Федералдық және өңірлік деңгейдегі ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі Ресей аумағының 13,6%-ін құрайды.

© Sputnik / Ilya Timin / Медиабанкке өтуКарелияның Кижи аралындағы "Киджи" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және этнографиялық музей-қорығының аумағы.
Карелияның Кижи аралы - Sputnik Қазақстан
1/20
Карелияның Кижи аралындағы "Киджи" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және этнографиялық музей-қорығының аумағы.
© Sputnik / Ирина Семибратова"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Бурабай көлінің ең танымал көрінісі. Парктің аумағы 129 299 гектарды құрайды.
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Бурабай көлі - Sputnik Қазақстан
2/20
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Бурабай көлінің ең танымал көрінісі. Парктің аумағы 129 299 гектарды құрайды.
© Sputnik / Pavel Lisitsyn / Медиабанкке өту"Аркаим" тарихи-мәдени қорығындағы "Шаманка" шоқысындағы "Тілектер шиыршығы".
Аркаим тарихи-мәдени қорығы - Sputnik Қазақстан
3/20
"Аркаим" тарихи-мәдени қорығындағы "Шаманка" шоқысындағы "Тілектер шиыршығы".
© Photo : Пресс-служба АО "Национальная компания Kazakh Tourism"Павлодар облысының Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі тау мен орман. 1985 жылы парктің негізі қаланып, ол Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк болды. Баянауыл тау сілеміндегі табиғи флора мен фаунаны сақтау және қалпына келтіру парктің құрылуына себеп болды. Парктің жалпы ауданы 68 452,8 гектарды құрайды.
Павлодар облысының Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - Sputnik Қазақстан
4/20
Павлодар облысының Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі тау мен орман. 1985 жылы парктің негізі қаланып, ол Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк болды. Баянауыл тау сілеміндегі табиғи флора мен фаунаны сақтау және қалпына келтіру парктің құрылуына себеп болды. Парктің жалпы ауданы 68 452,8 гектарды құрайды.
© Sputnik / Ramil Sitdikov / Медиабанкке өту"Орыс Арктикасы" ұлттық паркіндегі морждардың жатағы. Оран аралдары. Жаңа Жер архипелагы.
Орыс Арктикасы ұлттық паркіндегі морждар - Sputnik Қазақстан
5/20
"Орыс Арктикасы" ұлттық паркіндегі морждардың жатағы. Оран аралдары. Жаңа Жер архипелагы.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘн салатын құм төбе Алматы облысының "Алтынемел" ұлттық паркінің аумағындағы Жоңғар Алатауының жоталары – Үлкен және Шағын қалқандарының ортасындағы дәлізде орналасқан. Жалпы бұл парк Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 километр қашықтықта жатыр.
Алтынемел ұлттық паркінің аумағы - Sputnik Қазақстан
6/20
Ән салатын құм төбе Алматы облысының "Алтынемел" ұлттық паркінің аумағындағы Жоңғар Алатауының жоталары – Үлкен және Шағын қалқандарының ортасындағы дәлізде орналасқан. Жалпы бұл парк Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 километр қашықтықта жатыр.
© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуПсков облысының "Себежский" ұлттық паркіндегі "Қасиетті су" бұлағының үстінде салынған шағын шіркеу.
Псков облысының Себежский ұлттық паркі - Sputnik Қазақстан
7/20
Псков облысының "Себежский" ұлттық паркіндегі "Қасиетті су" бұлағының үстінде салынған шағын шіркеу.
© Sputnik / Тимур БатыршинКүнгей Алатау шатқалдарының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше табиғат жаратылысы деп атауға болады. Оның басты ерекшелігі – су ішінде өсіп тұрған шыршалар. Ол "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан.
Алатау шатқалдарының бірінде орналасқан Қайыңды көлі - Sputnik Қазақстан
8/20
Күнгей Алатау шатқалдарының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше табиғат жаратылысы деп атауға болады. Оның басты ерекшелігі – су ішінде өсіп тұрған шыршалар. Ол "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан.
© Sputnik / Sergey MalgavkoҚырымның Опук қорығындағы Кояш көлі. Төмен түскен су салдарынан көлге алқызыл түс беретін балдырлар мен көлдің табаны көрінеді.
Қырымның Опук қорығындағы Кояш көлі - Sputnik Қазақстан
9/20
Қырымның Опук қорығындағы Кояш көлі. Төмен түскен су салдарынан көлге алқызыл түс беретін балдырлар мен көлдің табаны көрінеді.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоРеспубликадағы ең үлкен ұлттық табиғи парк – Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ұлттық паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Парк 2001 жылы құрылды. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енді.
Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ұлттық паркі - Sputnik Қазақстан
10/20
Республикадағы ең үлкен ұлттық табиғи парк – Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ұлттық паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Парк 2001 жылы құрылды. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енді.
© Sputnik / Alexei Danichev / Медиабанкке өтуПушкиндегі "Царское Село" мемлекеттік музей-қорығының Александровский паркіндегі Үлкен Қытай көпірінің үстінде орналасқан мүсін.
Пушкиндегі Царское Село мемлекеттік музей-қорығының Александровский паркіндегі Үлкен Қытай көпірінің үстінде орналасқан мүсін. - Sputnik Қазақстан
11/20
Пушкиндегі "Царское Село" мемлекеттік музей-қорығының Александровский паркіндегі Үлкен Қытай көпірінің үстінде орналасқан мүсін.
© Photo : пресс-служба акимата Алматинской области1998 жылдың 21 сәуірінде құрылған "Алакөл" мемлекеттік табиғи қорығындағы Алакөл көлі. Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі Орталық Азия-Үндістан құстардың қоныс аудару жолында орналасқан. Сондықтан, су мен су маңындағы құстардың тіршілік ету ортасы ретінде көлдер әлемдік маңызы бар сулы-батпақты алқап болып табылады. Сол себепті 2009 жылдың 25 қарашасында Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі халықаралық маңызы бар Рамсар конвенциясының халықаралық су-батпақты алқаптар тізіміне енді. 2004-2011 жылдар аралығында қорық аумағында жаһандық маңызы бар су-батпақты алқаптарды сақтауға бағытталған жоба әрекет етті. Бұл жоба Жаһандық экологиялық қор мен Қазақстан үкіметімен бірлесен БҰҰ Даму жобасы болып табылады.
Алакөл көлі - Sputnik Қазақстан
12/20
1998 жылдың 21 сәуірінде құрылған "Алакөл" мемлекеттік табиғи қорығындағы Алакөл көлі. Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі Орталық Азия-Үндістан құстардың қоныс аудару жолында орналасқан. Сондықтан, су мен су маңындағы құстардың тіршілік ету ортасы ретінде көлдер әлемдік маңызы бар сулы-батпақты алқап болып табылады. Сол себепті 2009 жылдың 25 қарашасында Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі халықаралық маңызы бар Рамсар конвенциясының халықаралық су-батпақты алқаптар тізіміне енді. 2004-2011 жылдар аралығында қорық аумағында жаһандық маңызы бар су-батпақты алқаптарды сақтауға бағытталған жоба әрекет етті. Бұл жоба Жаһандық экологиялық қор мен Қазақстан үкіметімен бірлесен БҰҰ Даму жобасы болып табылады.
© Sputnik / Alexander Astafyev / Медиабанкке өту"Саяно-Шушенский" мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының аумағы.
Саяно-Шушенский мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының аумағы. - Sputnik Қазақстан
13/20
"Саяно-Шушенский" мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының аумағы.
© Sputnik / Alexei Danichev / Медиабанкке өтуЛенинград облысы, Приморск қаласы маңында Фин шығанағындағы "Қайыңды арал" мемлекеттік табиғи кешенді қорықшаның аумағында Үлкен қайың аралындағы Званка көлі.
Фин шығанағындағы Қайыңды арал - Sputnik Қазақстан
14/20
Ленинград облысы, Приморск қаласы маңында Фин шығанағындағы "Қайыңды арал" мемлекеттік табиғи кешенді қорықшаның аумағында Үлкен қайың аралындағы Званка көлі.
© Sputnik / Uliana Solovyova / Медиабанкке өтуЛипецк облысындағы "Галичья Гора" қорығындағы орналасқан жыртқыш құс тәлімбағындағы үкі.
Липецк облысындағы Галичья Гора қорығындағы орналасқан жыртқыш құс тәлімбағындағы үкі. - Sputnik Қазақстан
15/20
Липецк облысындағы "Галичья Гора" қорығындағы орналасқан жыртқыш құс тәлімбағындағы үкі.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалы – ұлттық саябақ орналасқан Алматы облысының ең көрікті жерлердің бірі. Мұндағы әйгілі "Қорғандар алқабына" мыңдаған туристер қызығушылық танытады.
Шарын шатқалы - Sputnik Қазақстан
16/20
Шарын шатқалы – ұлттық саябақ орналасқан Алматы облысының ең көрікті жерлердің бірі. Мұндағы әйгілі "Қорғандар алқабына" мыңдаған туристер қызығушылық танытады.
© Sputnik / Vitaly Timkiv / Медиабанкке өтуХ.Шапошников атындағы Кавказ мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты аумағындағы Фишт-Оштен тау сілемі.
Х.Шапошников атындағы Кавказ мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты аумағындағы Фишт-Оштен тау сілемі.  - Sputnik Қазақстан
17/20
Х.Шапошников атындағы Кавказ мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты аумағындағы Фишт-Оштен тау сілемі.
© SputnikҚарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның алып дала кеңістігінің орталығында тау-орманды оазис ретінде орналасқан. Ұлттық паркте сүтқоректілердің 45 түрі, құстардың 150-ден астам түрі мекен етеді. 2019 жылы қорықта өрт болып, оның көлемі 3 700 гектар аумақты қамтыды. Мұның 1 900 гектары орман болатын.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  - Sputnik Қазақстан
18/20
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның алып дала кеңістігінің орталығында тау-орманды оазис ретінде орналасқан. Ұлттық паркте сүтқоректілердің 45 түрі, құстардың 150-ден астам түрі мекен етеді. 2019 жылы қорықта өрт болып, оның көлемі 3 700 гектар аумақты қамтыды. Мұның 1 900 гектары орман болатын.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуКамчаткадағы Кронот мемлекеттік табиғи биосфералық қорығындағы Шағын Семячик жанартауындағы кратер көлінің тікұшақтан көрінісі.
Камчаткадағы Кронот мемлекеттік табиғи биосфералық қорығындағы Шағын Семячик жанартауындағы кратер көлінің тікұшақтан көрінісі.  - Sputnik Қазақстан
19/20
Камчаткадағы Кронот мемлекеттік табиғи биосфералық қорығындағы Шағын Семячик жанартауындағы кратер көлінің тікұшақтан көрінісі.
© Photo : Сайт Сайрам-Угамского национального паркаТүркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі. Паркте жеті табиғи аймақ бар. Мұнда түрлі жабайы табиғаттың өкілдері тіршілік етеді. Атап айтсақ, паркте сүтқоректілердің 59 түрі, оның ішінде Батыс Тянь-Шань үшін таңсық саналатын Мензбир суыры, құстың 300-ге жуық түрі және 1 635 өсімдік түрі бар. Оның 240-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі. - Sputnik Қазақстан
20/20
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі. Паркте жеті табиғи аймақ бар. Мұнда түрлі жабайы табиғаттың өкілдері тіршілік етеді. Атап айтсақ, паркте сүтқоректілердің 59 түрі, оның ішінде Батыс Тянь-Шань үшін таңсық саналатын Мензбир суыры, құстың 300-ге жуық түрі және 1 635 өсімдік түрі бар. Оның 240-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жаңалықтар
0