Әлем

Батыстағы жағдай әлі өзгерген жоқ – Сергей Лавров

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDБрюссельдегі Еуроодақ ғимараты
Брюссельдегі Еуроодақ ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Шығыстағы елдер Мәскеумен диалогты жыл сайын дамытып жатыр, алайда батыстағы жағдай әлі өзгерген жоқ, деді Ресей сыртқы істер министрі

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Брюссель мен Мәскеу арасындағы "қарым-қатынас инфрақұрылымын" Еуроодақ бұзды деп санайды. Оның айтуынша, Еуроодақпен бірнеше мемлекет қана серіктестік орнатқан. Бірақ Ресей Еуропадағылар қаласа, байланысты қалпына келтіруге дайын, деп хабарлайды РИА Новости.

Лавровтың пікірінше, бірнеше мемлекет ұлттық мүддені басшылыққа ала отырып, Мәскеумен диалогты сақтап отыр.

"Батыстағы жағдай әлі де еш өзгеріссіз. Ал шығыстағы күн тәртібі өте қарқынды және ол жыл сайын дамып келеді", – деді министр.

Ресей дипломатиясының басшысы Еуроодақ байланысты қалыпқа келтіруге тырысса, Мәскеу де қарым-қатынасты жаңғыртуға дайын екенін мәлімдеді.

Еуроодақ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Әлем
Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасы қалай өрбиді
"Біз мүдделер теңгерімін іздеу және тең құқық негізінде бұл қарым-қатынасты дамытуға дайынбыз", – деді ол.

Бір күн бұрын еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель арадағы шиеленіске Мәскеуді жауапты етіп көрсетті.

"Мәскеу текетірес орнату бағытында келе жатқанын түсініп отырмыз. Ресей Еуроодақтан бара-бара алыстап барады", – деді ол ЕО Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде.

Боррель еуропалық дипломаттар Ресеймен қарым-қатынаста бес принципті ұстанып отырғанын растады: Минск мәмілесін орындау; шығыстық серіктестермен ЕО байланысын нығайту; ортақ мүдделер есебімен Мәскеумен ішінара өзара әрекеттестік; "ресейлік азаматтық қоғамды" қолдау және Еуропаның энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Боррель мәлімдемесінің артынша-ақ ресейліктерге қарсы санкциялар енгізілді. БАҚ Алексей Навальныйға байланысты Еуроодақ ресейлік лауазымды тұлғаларға қатысты шектеу енгізетіні туралы ескерткен болатын. Әйтсе де, ЕО қарулы күш саласындағы тұлғаларға санкция енгізумен ғана шектеліп, Ресей экономикасына қатысты шара қолданған жоқ.

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова бұл қадамды "тығырыққа тірейтін саясаттан бас тару" мүмкіндігінен айырылу деп атады.

Айта кетсек, Мәскеудегі ЕО өкілі Маркус Эдерер Боррельмен әңгімелесу кезінде Еуроодақ Ресеймен диалог барысында Украинадағы қақтығысқа қайта орала беретінін айтып, бұл ұстанымды өзгерту керек екенін жеткізді. Bloomberg хабарлағандай, Еурокомиссияның баспасөз қызметі кездесу кезінде көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдірген жоқ.

Мәскеу Еуропа Кеңесіне қатысты пікір айтты. Ресей СІМ басшысының орынбасары Александр Грушко Кремль Еуроодақтағы мүшелікті жоғары бағалайды, бірақ ол үшін тым қымбат ақы төлеуге дайын емес екенін мәлімдеді.

Жалпы Мәскеу мен Брюссель арасындағы кикілжің ақпан айының басында Боррель Ресей астанасынан қайтқан соң өрши түсті. Боррель мәскеулік дипломаттармен ешқандай диалог орната алмай, санкцияар енгізілуі ықтимал екенін мәлімдеген болатын.

Расында да ресми кездесу біршама шиеленіске толы болды. Еуропа өкілдері ресейлік тарапты митинг кезінде полиция қызметкерлерінің шектен шыққан қатыгездігін сынады. Ал Ресей АҚШ пен Еуропадағы наразылық акцияларындағы жиналған жұртты қуу әрекеттерінің видеосын көрсетті.

Цены на нефть, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Әлем
Еуроодақ доллардан бас тартты ма?
Лавровпен түскі ас кезінде Боррель көшедегі тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін Германия, Польша, Швецияның үш дипломаты Мәскеуден шығарылатыны туралы білді. Осы іссапардан кейін еуропалықтар Боррельді Навальныймен бетпе-бет кездеспегені және Лавровпен бірге баспасөз конференциясына қатысуға келісім бергені үшін кінәлады.

Ресей СІМ МХҚМИ Интеграциялық процестер кафедрасының меңгерушісі Николай Кавешников Ресей мен ЕО өзара байланысы 90-шы жылдардан бері дағдарысты бастап өткізіп жатқанын айтты.

"Кремльдің ойынша, арадағы кикілжіңге Еуроодақ жауапты. Себебі Қырым мен Донецк және Луганск облысындағы оқиғалардан кейін ЕО санкциялар енгізіп, Ресейдің ішкі мәселелеріне араласу үшін осы шектеулерді күні бүгінге дейін қолданудан шаршамай келеді. Ал Еуроодақ 2014 жылы Ресей халықаралық құқық нормаларын аяқ асты етіп, "зиянкестік әрекеттерді" әлі де тоқтатпай отыр. Брюссель Кремльдің көп әрекетін міндеттемелерді бұзу деп қарастырады", – деді маман.

Әр тарап өз ойын ашық айтқанымен, арадағы салқындық әлі де сейілген жоқ. Кавешниковтың айтуынша, ұлттық үкіметтермен байланысты дамыту қазір қолға алуға болатын жалғыз амал. Бірақ экономика, инвестиция, саясат төңірегіндегі мәселелер ұлттық мүддеден жоғары тұрған ұйымдар тарапынан қаралады.

"Біршама уақыттан кейін санкцияларды енгізуге түрткі болған себеп ұмытылып, ЕО жаңа сылтау іздеуге көшеді. Мысалы "Новичокпен" екі рет адам улаған Мәскеуді химиялық, жаппай қыру қаруын қолданды деп айыптады", – дейді саясаттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Суздальцев.

Суздальцевтің айтуынша, келе-келе себеп-сылтау таусылып, шешуші сәттің алдына келді. Яғни тараптар қызыл сызыққа тақап, алға қарай қадам жасай алмай тұр. Жалпы Еуропадағылар айтылған айыптауларды дәлелдеудің қажеттігін мүлдем сезінбеген сәттен бастап екі арадағы диалог тоқтады.

Мәскеу Брюссельдің санкциялар енгізу мен дәйексіз айыптаулардан шаршағанын күтуге тура келеді. Оның үстіне Ресейдің ішінде де атқаратын шаруа аз емес. Сондықтан сылдыр сөзге негізделген айыптаулар үшін мойын бұрып, уақыт жолғалтуға құлшыныс жоқ.

Жаңалықтар
0