Қоғам

Дәрігер жаңа піскен нанды неге жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуНан
Нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылған жағдайда, мұндай өнім созылмалы ауруларды асқындырып жіберуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Дәрігер-терапевт, диетолог Мария Черняева Sputnik радиосына берген сұқбатында асқазан-ішек жолдары ауруы бар адамдарға жаңа піскен нанды жемеуге кеңес берді.

Дәмді әрі хош иісті жаңа піскен нан қатып қалған наннан құрылымы мен құрамы жағынан ерекшеленеді. Ең алдымен, оның қышқылдылығы жоғары, деп түсіндірді диетолог.

Черняеваның айтуынша, асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылған жағдайда, мұндай өнім созылмалы ауруларды асқындырып жіберуі мүмкін. Ал уақыт өткен сайын нанның қышқылдық және басқа да қасиеттері өзгереді. Сегіз сағат немесе бір тәулік тұрған нанның ағзаға тигізер зияны аз, деп санайды ол.

Тағы оқыңыз: Диетолог қартаюды баяулататын дәруменді атады

"Асқазан-ішек жолы органдарының ауруы бар адамдар сегіз сағат немесе бір тәулік бұрын піскен нанды жегені дұрыс. Осылайша олар гастрит, асқазан жарасы сияқты созылмалы аурулардың асқынуына жол бермейді",- деді диетолог.

Дәрігер асқазанға жаңа піскен нанға қарағанда тұрып қалған немесе кептірілген нан анағұрлым пайдалы екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0