Әлем

Әлемдік экономика не болмақ - сарапшылар болжамы

© REUTERS / Nick OxfordДобыча нефти, иллюстративное фото
Добыча нефти, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
ОПЕК+ сәуір айында мұнай өндіру көлемін арттыруға асығар емес. Тек Ресей және Қазақстанға сәйкесінше тәулігіне 130 мың және 20 мың баррельге арттыруға мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Көктем келісімен 70 доллар деңгейіне дейін шарықтаған қара алтын бағасы дәл осындай қарқынмен төмен құлдырады. Шикізаттың арзандауына Еуропадағы вакциналау әсер етті. Нарыққа қатысушылар әлемдік экономиканы қалпына келтіру ұзаққа созылып, мұнай өнімдеріне, әсіресе бензинге деген сұраныс төмендейді деп алаңдап отыр, деп жазады РИА Новости.

Мұнай саласындағы тұрақсыздық өршіп тұр. Көмірсутек нарығындағы бағаның қымбаттауы артынша арзандауға алып келді. Ай басында Brent маркалы мұнайдың бағасы 70 долларды құрап, 2020 жылғы коронавирусқа дейінгі деңгейге жетті. Алайда наурыз айының ортасында 62 доллар болды. 2018 жылғы максимумге жеткен WTI мұнайы 59 долларға дейін арзандады.

Бұған Еуропадағы вакциналаудың ойдағыдай өтпеуі себеп. Германия, Франция, Италияны қоса алғанда бірқатар ел жағымсыз әсеріне байланысты AstraZeneca препаратын қолдануды уақытша тоқтатып қойды. Бұл әлемдік экономиканы қалпына келтіруді және жанармайға деген сұранысты тежеуі ықтимал. Міне, бағаның арзандауына осы ықпал етіп отыр.

В.Г.Плеханов атындағы РЭУ өнеркәсіп экономикасы кафедрасының доценті Олег Каленов, әйтсе де, нарықтағы жағдайды оң сипаттауға болатынын айтады.

"Коронаивируспен күрес саласындағы жинақталған тәжірибе оптимизмге толы. Оның үстіне өндіріс көлемі артуда, тасымалдау да қалыпты режимге қайта ауысып жатыр", - деді ол.

Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) өзінің мұнай бойынша болжамын жарты жылда алғаш рет арттырды. Аналитиктер әлемдік сұранысты тәулігіне 96,5 миллион баррель деңгейінде деп болжап отыр (2020 жылғы нәтиже - 91 миллион). Бірінші тоқсанда мұнай өнімдерін тұтынудың өсуіне Еуропадағы, Азияның солтүстігіндегі және АҚШ-тағы қалыптан тыс салқын ауа райы әсер етті.

ОПЕК+ сонда да сәуір айында өндіріс көлемін арттыруға асығар емес. Тек Ресей және Қазақстанға сәйкесінше тәулігіне 130 мың және 20 мың баррельге арттыруға мүмкіндік берді.

Сауд Арабиясы тәулігіне миллион баррель мөлшеріндегі ерікті шектеуді ұстанып отыр. Корольдіктің энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Сальман түсіндіргендей, нарықтағы жағдайға байланысты шығын орны уақыты келгенде толтырылады.

Мұнай скважинасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Экономика
Мұнай бағасы күрт құлдырады
Сонымен қатар Қытайда, Үндістанда және Еуропада жанармайға деген сұраныс қалпына келіп жатыр. Мұнда наурыз айының басында өнеркәсіптік белсенділік  2018 жылдың көктеміндегі деңгейге жеткен. Екі триллион долларға жуық алдағы америкалық салымдар да өз үлесін қосады. Тұтынушылардың  көптеп қаражат жұмсауына байланысты тауарларды тасымалдауға қажет бензинге деген сұраныс артады.

Сондай-ақ ХЭА ауру жұқтырғандар санының азайып, карантиндік шектеу шараларын бәсеңдетуге ықпал ететін сәтті вакциналаудан әлі де үмітін үзер емес. Нәтижесінде мұнайға деген сұраныс қалпына келеді. Алайда ХЭА мамандары дағдарысқа дейінгі көрсеткішке қол жеткізу үшін кемінде екі жыл уақыт керек екейнін айтуда. Сол себепті агенттік аналитиктері бағаның кезекті рет шарықтауына аса сенбейді.

Бүкіл әлем бойынша қоймаларда мұнай әлі де жеткілікті. Оның үстіне кейбір экспорттаушылар жеткізулерді арттырмақшы. Мысалы, Ливия нарыққа қайта оралды. Елде азаматтық соғыс кезінде істен шыққан салалық нысандар қайтадан іске қосылды. Ал Ливияны ОПЕК+ мәмілесінен босатқан болатын. Бұл елде қарашадан бастап күніне миллионнан астам баррель мұнай өндіріліп жатыр. Алдағы айларда елдің орталық бөлігі мен батысында мұнай кен орындарын игеру  басталады. 2015 жылы жабылған тағы бірнеше алаңдағы жұмыстар да қайта жанданады.

Бұл нарықтағыларды алаңдатып отыр. ОПЕК шамадан тыс өндіру салдарынан дағдарыс болады  деп қауіптенуде. Ливия мұнайынан басқа шикізат бағасына америкалық тақтатас индустриясының қалпына келуі де әсер етуі мүмкін. Жалпы баға шарықтап, қайта құлдыраған кезде сол бағаның ең жоғарғы дәлізде ұзақ уақыт тұрақтауының мүмкіндігі жоғары. Төмендегеннен кейін 75 долларға қымбаттаған баға белгіленімдері 63-68 аралығында шоғырланып, қысқа мерзімге 60-қа дейін төмендеуі мүмкін. Алайда 60 доллардан төмен баға да Ресей экономикасы үшін қауіпті емес.

"Тым жоғары баға қазынаны толтыру мен мұнай саласындағы жұмысшылар шығынының өсуіне оң ықпал етеді. Екінші жағынан, мұнай өндіру және өңдеудегі жоғары баға ірі өнеркәсіп иелерінің мұнай өндірісіне еш қатысы жоқ салаларға инвестиция салуға деген құлшынысын төмендетуі мүмкін. Мысалы, ІТ, жоғары технологияға", - дейді TeleTrade ақпараттық-аналитикалық орталығының жетекші экономисі Петр Пушкарев.

Егер мұнай компанияларын салық салу арқылы ұстап тұрмаса, кері әсер болуы әбден мүмкін. Яғни қымбат шикізат экономиканы әртараптандыруға кедергі келтіреді.

Жаңалықтар
0