Экономика

Мұнай бағасы күрт құлдырады

© AP Photo / Tony GutierrezМұнай скважинасы
Мұнай скважинасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Солтүстіктеңіз мұнай қоспасының Brent маркасына мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 9,07% төмендеп, 61,83 долларды құрады

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 11 ақпаннан бері алғаш рет барреліне 62 доллардан төмендеп, әлемдік баға 9 процентке дейін құлдырады, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

Солтүстіктеңіз мұнай қоспасының Brent маркасына мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 9,07% төмендеп, 61,83 долларды құрады. WTI үшін сәуір фьючерстерінің құны 9,15% -ға төмендеп, барреліне 58,69 долларды құрады.

Түзетуден кейін баға төмендеді 

Мұнайдың әлемдік бағасы бейсенбі күні кешке қыза түскен нарыққа енгізілген түзетуден кейін төмендеген. Бірақ қазіргі баға ұсыныстарына қатысты РИА Новостиге пікір білдірген Fitch табиғи ресурстар мен шикізат тауарлары тобы агенттігінің директоры Дмитрий Маринченко айтарлықтай құлдырау күтілмейтінін айтты.

"Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі айтарлықтай өзгерген жоқ. Біздің бағалауымыз бойынша Иран тарапынан өндірістің өсуіне қарамастан нарықта тапшылық сезіледі. Ал бұл тапшылық бағаға қолдау болғанымен, 2020 жылдың екінші тоқсанында қалыптасқан жағдай сияқты қатты құлдырауды күтпейміз. Қазіргі динамиканы қыза түскен нарықтағы бағаны түзету деп санауға болады", – деп түсіндірді Маринченко.

Fitch сарапшылары Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы биыл барреліне 58 доллар болады деп болжайды, деп еске салды ол. 50-60 АҚШ доллары шамасындағы бағаны екінші жартыжылдықта, яғни ОПЕК+ өндірісті ұлғайта бастаған сәтте байқалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Жазға қарай мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін – экономист

Наурызда өткен кездесу кезінде ОПЕК+ күтпеген жерден барлық елдер үшін мұнай өндірудің ағымдағы деңгейін ұстап тұруға шешім қабылдады. Сонымен бірге Ресей үшін өндірісті сәуірде тәулігіне 130 мың баррельге, ал Қазақстан үшін – 20 мыңға көбейту келісілді.

Айта кетейік, ОПЕК+ министрлер мониторингі комитетінің (JMMC) келесі кездесуі 31 наурызда, ОПЕК+ альянсының отырысы аясында 1 сәуірде өтеді.

Жаңалықтар
0