НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Еліміздің сегіз облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
22 наурызда Ақмола мен Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, бұрқасынды ауа райында желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау өңірі мен Ақтау қаласында найзағай ойнап, кей жерлерде тұман түседі.
Ақтөбе мен Қызылорда облысында да төңіректі қалың тұман қаптайды.
Оқи отырыңыз: "Қар жаумаса да белгі береді": наурызда болатын табиғи құбылыстар
Ауа райының осындай құбылысы Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан өңірінде де байқалып, жел күшейеді. Сондай-ақ, қолайсыз күн райы көктайғаққа ұласады деп болжануда.