НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Екеуінің де алдыңғы бөлігі опырылып, ВАЗ-21099 аударылып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полицияның мәліметінше, жол оқиғасы "Алматы-Жетіген" тасжолының 33 шақырымында болған. Жаңалық ауылына жақын жерде Lexus пен ВАЗ-21099 бетпе-бет соқтығысты. Оны көрген адамдардың айтуынша, Lexus-тың 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде алдынан ВАЗ-21099 шыққан. Көліктердің қатты соқтығысқаны сонша, ВАЗ аударылып түсті.
Ақтөбе маңында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: қайтыс болғандар бар
"Жол апаты кезінде ВАЗ-21099 көлігінде болған 1994 жастағы жолаушы келіншек алған жарақатынан қайтыс болды. Екі жүргізушінің жағдайы ауыр, оларды дереу ауруханаға жеткізді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп танылған адам бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.