21:28 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
5829 0 0

Жедел жәрдем көлігі мен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам түрлі жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының полициясы қала маңындағы тас жолдардың бірінде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алды. Полицейлердің айтуынша, 11 наурызда таңғы сағат тоғыздар шамасында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

"29 жастағы Honda CRV көлігінің жүргізушісі "Ақтөбе–Астрахан" тас жолымен Ақтөбеден шығып, Қандыағашқа бет алған. Алайда, ол Мұғалжар ауданының Ақкемір ауылына жақын маңда қарсы бағытта келе жатқан УАЗ көлігімен соқтығысқан. Ал жедел жәрдем көлігі Темір аудандық ауруханасына тиесілі екені анықталды", – делінген Ақтөбе облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Соқтығысу салдарынан үш адам – ​​Honda CRV жүргізушісі мен оның жолаушысы және түрлі жарақат алған жедел жәрдем медбикесі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Алайда, 54 жастағы жолаушы ес жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Скорая попала в аварию в Актюбинской области
© Photo : пресс-служба ДП Актюбинской области
Жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан Honda CRV.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Белгілі қазақ балуаны Сметовті Азиададан жедел жәрдем көлігі алып кетті

Айта кетейік, аталған факті бойынша кінәлі адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал апаттың себеп-салдары егжей-тегжейлі тергеп, тексеруден кейін анықталатын болады.

Тақырып бойынша

Үш жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі далада қалып қойды
Жүргізуші қысылып қалды: Алматыда ірі жол апаты болды
Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты
Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Анасы көз жұмды, бала ауруханада: Павлодар облысында жол апаты болды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Кілт сөздер:
Ақтөбе, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып