Өңірлер

Қазақстанда күн жылынады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Тек аптаның басында елдің шығысында, кейін батысында кей жерлерде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" РМК 16-18 наурыз аралығында республикада ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

"Сондай-ақ, еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз. Тек аптаның басында республиканың шығысында, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді", - деп хабарлады Қазгидромет.

Дабылды ескерту

Сонымен қатар, синоптиктер 16 наурызда бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін барады. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

16-19 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласын кей уақытта тұман басады.

Тағы оқыңыз: "Қар жаумаса да белгі береді": наурызда болатын табиғи құбылыстар

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында да тұман болжанып отыр.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де – тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.

Ақмола облысының кей жерлерін тұман басады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Атырау қаласында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 16 наурызда күн бұлтты, түнде -21°C, күндіз -10°C суық.

Алматыда да күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде -6°C, күндіз +2°C.

Шымкентте күн ашық, түнде -6°C, күндіз +4°C.

Жаңалықтар
0