Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Астананың түнгі келбеті – фото

Жазылу
Түнде бас қала мүлде басқа кейіпке енеді. Оның көшелері, алаңдары мен даңғылдарында орналасқан түрлі-түсті жарық көздері ғажайып шұғылалы сәулелердің пайда болуына себепші. Нұр-Сұлтан қаласының сұлу әрі ерекше келбетін суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз

Түнгі жарық шамдары мен прожекторлардың әсерінен елорда ғайыптан пайда болған жұмбақ қала секілді көрінеді. Ол фантастика мен мистикаға толы шаһар сияқты елестейді. Неонды жарық үйлер мен асфальттің, қала көшелерінің ажарын ашып, ерекше атмосфера тудырады.

Түнгі қаланы суретке түсіру кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі іс. Себебі қараңғылық қоюына батқан мезгілді бейнелейтін элементтерге ерекше назар аудару қажет болады. Осы кезде ғана суреттер сәтті шығады.

Оқи отырыңыз: Ғарыштағы қонақ үй: Жер шарын орбитадан тамашалуға болады – фото

Мұндай фотоны міндетті түрде штативтің көмегімен және арнайы режим арқылы түсіру қажет. Себебі, артқы бейне анық болмақ керек. Сонымен қатар жарық жақсы түсіп, түстер үйлесім тапқан және көздеген кескінді қараңғылық басып тұрмағаны өте маңызды.

Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Водневтің тенгі серуен кезінде фотообъективіне ілінген Нұр-Сұлтанның сұлу да ерекше келбетін тамашалаңыз!

© Sputnik / Владислав ВодневТүн, көше, шам... Түнгі қаланың тынымсыз тіршілігі. Суретте: жарық шамдармен көмкерілген Нұр-Сұлтан көшесі.
Жарық шамдармен көмкерілген Нұр-Сұлтан көшесі - Sputnik Қазақстан
1/10
Түн, көше, шам... Түнгі қаланың тынымсыз тіршілігі. Суретте: жарық шамдармен көмкерілген Нұр-Сұлтан көшесі.
© Sputnik / Владислав ВодневТүн уақытында елорда ерекше сұлу көрінеді. Бұл сәтте тіршілік қозғалысы бәсеңдеп, қала мүлгіген тыныштық құшағында қалың ұйқыға кететіндей...
Түн уақытында елорда ерекше сұлу көрінеді. - Sputnik Қазақстан
2/10
Түн уақытында елорда ерекше сұлу көрінеді. Бұл сәтте тіршілік қозғалысы бәсеңдеп, қала мүлгіген тыныштық құшағында қалың ұйқыға кететіндей...
© Sputnik / Владислав ВодневБарлығы таңертең қайта оянады. Ол кезге дейін астана жарық пен қараңғылық патшалығына айналды.
Астана жарық пен қараңғылық патшалығына айналды - Sputnik Қазақстан
3/10
Барлығы таңертең қайта оянады. Ол кезге дейін астана жарық пен қараңғылық патшалығына айналды.
© Sputnik / Владислав ВодневМегаполис түнгі келбетімен баурап, неонды сәулелер мен алаугеуім шақ көз тартады.
Мегаполис түнгі келбетімен баурап, неонды сәулелер мен алаугеуім шақ көз тартады.  - Sputnik Қазақстан
4/10
Мегаполис түнгі келбетімен баурап, неонды сәулелер мен алаугеуім шақ көз тартады.
© Sputnik / Владислав ВодневТәуліктің осы мезгілінде қараңғылық жарықтан үстем түсіп, қала жұмбақ реңкке бояла түседі.
Тәуліктің осы мезгілінде қараңғылық жарықтан үстем түсіп, қала жұмбақ реңкке бояла түседі.  - Sputnik Қазақстан
5/10
Тәуліктің осы мезгілінде қараңғылық жарықтан үстем түсіп, қала жұмбақ реңкке бояла түседі.
© Sputnik / Владислав ВодневНаурыз айындағы түнгі астана. Қаладағы көлік түтінінің иісі мен еріген қар суының ызғары көктем лебін сездіреді.
Наурыз айындағы түнгі астана. Қаладағы көлік түтінінің иісі мен еріген қар суының ызғары көктем лебін сездіреді. - Sputnik Қазақстан
6/10
Наурыз айындағы түнгі астана. Қаладағы көлік түтінінің иісі мен еріген қар суының ызғары көктем лебін сездіреді.
© Sputnik / Владислав ВодневҚалада күн әлі де суық болғанымен, көктемнің кеш болса да жететініне сенім мол...
Қалада күн әлі де суық болғанымен, көктемнің кеш болса да жететініне сенім мол... - Sputnik Қазақстан
7/10
Қалада күн әлі де суық болғанымен, көктемнің кеш болса да жететініне сенім мол...
© Sputnik / Владислав ВодневТүн мезгіліндегі неон жарықпен көмкерілген көпқабатты тұрғын үйлер қараңғылық құшағында тұр. Жарық сәулесімен көмкерілген көпірлер мен көшелер абстрактілі урбанистикалық бейнеде көрінеді. Нұр-Сұлтандағы түнгі серуен ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Түн мезгіліндегі неон жарықпен көмкерілген көпқабатты тұрғын үйлер қараңғылық құшағында тұр - Sputnik Қазақстан
8/10
Түн мезгіліндегі неон жарықпен көмкерілген көпқабатты тұрғын үйлер қараңғылық құшағында тұр. Жарық сәулесімен көмкерілген көпірлер мен көшелер абстрактілі урбанистикалық бейнеде көрінеді. Нұр-Сұлтандағы түнгі серуен ерекше көңіл-күй сыйлайды.
© Sputnik / Владислав ВодневТүнде автокөліктер дыбысы бәсеңдеп, машиналар ағыны да азаяды. Бұл шақта қауырт тіршілік пен қарбалас та тынышталған кейіпке енеді...
Түнде автокөліктер дыбысы бәсеңдеп, машиналар ағыны да азаяды. Бұл шақта қауырт тіршілік пен қарбалас та тынышталған кейіпке енеді... - Sputnik Қазақстан
9/10
Түнде автокөліктер дыбысы бәсеңдеп, машиналар ағыны да азаяды. Бұл шақта қауырт тіршілік пен қарбалас та тынышталған кейіпке енеді...
© Sputnik / Владислав ВодневАл базбіреулер үшін қала түнде оянып, нағыз тіршілік басталады. Қалай десек те, түнде бәрі өзгеше!
Ал базбіреулер үшін қала түнде оянып, нағыз тіршілік басталады. Қалай десек те, түнде бәрі өзгеше! - Sputnik Қазақстан
10/10
Ал базбіреулер үшін қала түнде оянып, нағыз тіршілік басталады. Қалай десек те, түнде бәрі өзгеше!
Жаңалықтар
0