Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ғарыштағы қонақ үй: Жер шарын орбитадан тамашалуға болады – фото

Жазылу
2027 жылға қарай Жер орбитасында адамзат тарихындағы ең алғашқы ғарыш қонақ үйі – Voyager Station-ді ашу жоспарланып отыр

Таңертең ұйқыдан тұрып, үлкен панорамалық терезеге қараған кезде алып жер ғаламшарын көруді елестете аласыз ба?

Бұрын бұл жай тек арман мен қиял болса, енді жақын болашақта ол Жер ғаламшарының тұрғындары үшін шындыққа айналғалы тұр. Orbital Assembly компаниясы адамдар үшін ғарыштағы ең алғашқы қонақ үй салады. Бұл таңғаларлық жобаның құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Ғарыш станциясы Жер айналасындағы төменгі орбитада орналасады. Мұнда тек қонақ үй бөлмелері ғана емес, жеке вилла салуға арналған орындар да қарастырылған.

Voyager Station нысанының қонақтары үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Мұнда дәмхана, сауықтыру орны, жаттығу залы, кітапхана, концерт алаңы мен Жер бейнесін тамашалап отырып, сусын шуге арналған арнайы бар жобаланып отыр.

Ғарыштағы қонақ үй 400 адамға есептелген.

Voyager Station құрылымында жасанды гравитация құруға арналған айналмалы сақинаға жекелеген капсулаларды бекіту қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Құймақ әзірлеген әлем жұлдыздары – фото

Ғарыш кемесінің басқа бөлігінде экипажға, ауа, су және электр энергиясының қорына арналған орындар болады.

Ғарыштағы қонақ үйді құрастырумен STAR (Structure Trust Assembly Robot) роботы айналысады.

Әзірше ғарыш нысанының құрылысына жұмсалатын қаражат пен ғарышқа саяхат бағасы туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, Voyager Station қонақ үйіндегі бөлмелердің қандай болатыны белгілі.

© Photo : Orbital Assembly, Inc.Ғарыштағы алғашқы қонақ үйдің құрылысы 2025 жылы басталады.
Ғарыштағы алғашқы қонақ үйдің құрылысы 2025 жылы басталады.  - Sputnik Қазақстан
1/10
Ғарыштағы алғашқы қонақ үйдің құрылысы 2025 жылы басталады.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Қонақ үй құрылымы капсулалы сақина пішінінде болады. Ол сақина іште жасанды гравитация жасау үшін айналып тұрады.
Қонақ үй құрылымы капсулалы сақина пішінінде болады - Sputnik Қазақстан
2/10
Қонақ үй құрылымы капсулалы сақина пішінінде болады. Ол сақина іште жасанды гравитация жасау үшін айналып тұрады.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Ғарыштағы нысанның құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Ғарыштағы нысанның құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.  - Sputnik Қазақстан
3/10
Ғарыштағы нысанның құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Қонақ үй жердегі стандарттарға мейлінше жақын болады: мұнда бар, дәмхана, жаттығу залы, спа-салон, кинотетар салынады.
Қонақ үй жердегі стандарттарға мейлінше жақын болады: мұнда бар, дәмхана, жаттығу залы, спа-салон, кинотетар салынады.  - Sputnik Қазақстан
4/10
Қонақ үй жердегі стандарттарға мейлінше жақын болады: мұнда бар, дәмхана, жаттығу залы, спа-салон, кинотетар салынады.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Бұл қонақ үйге бір уақытта 400 адам сыяды.
Бұл қонақ үйге бір уақытта 400 адам сыяды.  - Sputnik Қазақстан
5/10
Бұл қонақ үйге бір уақытта 400 адам сыяды.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Арнайы залда төмен гравитация кезінде жаттығулар жасап көруге болады.
Арнайы залда төмен гравитация кезінде жаттығулар жасап көруге болады.  - Sputnik Қазақстан
6/10
Арнайы залда төмен гравитация кезінде жаттығулар жасап көруге болады.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Жоба авторлары дәмханада берілетін ас мәзірі жайында әзірше тіс жарған жоқ.
Жоба авторлары дәмханада берілетін ас мәзірі жайында әзірше тіс жарған жоқ.  - Sputnik Қазақстан
7/10
Жоба авторлары дәмханада берілетін ас мәзірі жайында әзірше тіс жарған жоқ.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Ашық ғарышқа шығу мүмкіндігі бұл қонақ үйдің басты ерекшелігі болатыны анық.
Ашық ғарышқа шығу мүмкіндігі бұл қонақ үйдің басты ерекшелігі болатыны анық.  - Sputnik Қазақстан
8/10
Ашық ғарышқа шығу мүмкіндігі бұл қонақ үйдің басты ерекшелігі болатыны анық.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Оқыс жағдай бола қалса адамдарды эвакуациялауға арналған көлік те қарастырылады.
Оқыс жағдай бола қалса адамдарды эвакуациялауға арналған көлік те қарастырылады.  - Sputnik Қазақстан
9/10
Оқыс жағдай бола қалса адамдарды эвакуациялауға арналған көлік те қарастырылады.
© Photo : Orbital Assembly, Inc.Ашық ғарышқа шыққан турист-астронавт.
Ашық ғарышқа шыққан турист-астронавт. - Sputnik Қазақстан
10/10
Ашық ғарышқа шыққан турист-астронавт.
Жаңалықтар
0