Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Өңделген алмаз тастардың айрықша әсемдігі – фото

Жазылу
Асыл тастардың астарында кез-келген зергерлік бұйымның сәніне айналатын мінсіз бриллианттар жасырынып жатады

Көлемі орташа грек жаңғағымен бірдей болатын өңделмеген алмаз тасқа коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" препаратының атауы берілді.

Әлі бриллиантқа айналмаса да алмаз тасқа деген қызығушылық ешқашан бәсеңдеген емес. Олардың көлемі де, түр-түсі де бір-біріне ұқсай бермейді. Кимберлитті түтіктерден алынатын бағалы тастардың жасы жүз миллион мен екі жарым миллиард жылды қамтуы мүмкін. Бұл алмаздарға ат беріліп, олар таңғаларлық зергерлік бұйымдардың бөлшегіне айналуы ықтимал.

Бедерленгеннен кейін тастардың көлемі әдетте кішірейеді. Мысалы, салмағы 545 карат болатын әлемдегі ең ірі алтын сары түсті "Алтын мерейтой" бриллианты 1986 жылы табылған кезде 755 карат салмақта болған.

Оқи отырыңыз: Barbie-ге 62 жыл: өнер жұлдыздарының қуыршақ бейнесі – фото

Жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін ең ірі бриллиант саналған 530 картты "Кулиннан" немесе "І Африка жұлдызы" бриллианты 3 106 карат тастан бедерленіп әзірленген. Алайда бұл тасты 100 бөлікке бөлген болатын. Осы көлемді тастан қашалған бриллианттардың жалпы салмағы 1 063 картты құрады.

© REUTERS / Tatyana MakeyevaКоронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы "Спутник V" вакцинасының атауы берілген өңделмеген ерекше алмаз.
Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы Спутник V вакцинасының атауы берілген өңделмеген ерекше алмаз.  - Sputnik Қазақстан
1/8
Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы "Спутник V" вакцинасының атауы берілген өңделмеген ерекше алмаз.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaАлмаздардың қай кезде пайда болғаны туралы нақты ғылыми мәлімет жоқ. Ғалымдар түрлі магмалық, мантиялық, метеориттік, флюидтік, тіпті экзотикалық теорияларды негізге алып отыр. Алайда жоғарғы қысым (50 000 атмосфера) мен үлкен тереңдіктегі (200 километр) көміртек кубтық кристалл тор, яғни алмаз түзеді деген магмалық гипотеза қазіргі кезде ең ақылға қонымдысы болып тұр.
Өте сирек кездесетін өңделмеген 2C BLK CLEAV 242CT алмазының салмағаы 242,31 карат - Sputnik Қазақстан
2/8
Алмаздардың қай кезде пайда болғаны туралы нақты ғылыми мәлімет жоқ. Ғалымдар түрлі магмалық, мантиялық, метеориттік, флюидтік, тіпті экзотикалық теорияларды негізге алып отыр. Алайда жоғарғы қысым (50 000 атмосфера) мен үлкен тереңдіктегі (200 километр) көміртек кубтық кристалл тор, яғни алмаз түзеді деген магмалық гипотеза қазіргі кезде ең ақылға қонымдысы болып тұр.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaКейбір зерттеу мәліметтері бойынша алмаз жасы 100 миллионнан 2,5 миллиард жылға дейінгі мерзімді қамтуы мүмкін.
Кейбір зерттеу мәліметтері бойынша алмаз жасы 100 миллионнан 2,5 миллиард жылға дейінгі мерзімді қамтуы мүмкін. - Sputnik Қазақстан
3/8
Кейбір зерттеу мәліметтері бойынша алмаз жасы 100 миллионнан 2,5 миллиард жылға дейінгі мерзімді қамтуы мүмкін.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaСирек кездесетін 2C BLK CLEAV 242CT өңделмеген алмазы. Салмағы 242,31 карат бұл тас Дубайдағы жүзінші мерейтойлық аукционда сатылуы ықтимал.
Сирек кездесетін өңделмеген 2C BLK CLEAV 242CT алмазының салмағаы 242,31 карат - Sputnik Қазақстан
4/8
Сирек кездесетін 2C BLK CLEAV 242CT өңделмеген алмазы. Салмағы 242,31 карат бұл тас Дубайдағы жүзінші мерейтойлық аукционда сатылуы ықтимал.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaЖерден тыс, күн жүйесінде пайда болған метеориттік алмаздар да белгілі. Кей алмаздар ірі метеорит құлаған кездегі метаморфизмді соққыдан түзілуі мүмкін. Мысал ретінде Сібірдің солтүстігіндегі Попигай астроблемасын атауға болады.
Жерден тыс, күн жүйесінде пайда болған метеориттік алмаз - Sputnik Қазақстан
5/8
Жерден тыс, күн жүйесінде пайда болған метеориттік алмаздар да белгілі. Кей алмаздар ірі метеорит құлаған кездегі метаморфизмді соққыдан түзілуі мүмкін. Мысал ретінде Сібірдің солтүстігіндегі Попигай астроблемасын атауға болады.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaМагмаға еш қатысы жоқ алмаз кен орны Көкшетаудан 25 километр қашықтықта орналасқан. Техникалық алмаздардың Құмдыкөлдегі кен орны жоғары және аса жоғары қысымдағы жыныстар бар Көкшетау метаморфиялық кешеннің құрамына кіреді. Бұл метаморфогенді типтегі алмаздардың әлемдегі жалғыз кен орны.
Көкшетау метаморфиялық кешеннің құрамына кіретін метаморфогенді типтегі алмаз - Sputnik Қазақстан
6/8
Магмаға еш қатысы жоқ алмаз кен орны Көкшетаудан 25 километр қашықтықта орналасқан. Техникалық алмаздардың Құмдыкөлдегі кен орны жоғары және аса жоғары қысымдағы жыныстар бар Көкшетау метаморфиялық кешеннің құрамына кіреді. Бұл метаморфогенді типтегі алмаздардың әлемдегі жалғыз кен орны.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaРесейде ең алғашқы алмаз 1829 жылы 5 шілдеде Орал өңіріндегі Пермь губерниясының Крестовоздвиженск алтын кен орнынан табылған. Бағалы тасты он төрт жастағы шаруа Павел Попов шайма науада алтынды жуып жатқанда тауып алған. Жарты каратты кристалл үшін Павел еркіндікке шыққан.
Ресейде ең алғашқы алмаз 1829 жылы 5 шілдеде Орал өңіріндегі Пермь губерниясының Крестовоздвиженск алтын кен орнынан табылған - Sputnik Қазақстан
7/8
Ресейде ең алғашқы алмаз 1829 жылы 5 шілдеде Орал өңіріндегі Пермь губерниясының Крестовоздвиженск алтын кен орнынан табылған. Бағалы тасты он төрт жастағы шаруа Павел Попов шайма науада алтынды жуып жатқанда тауып алған. Жарты каратты кристалл үшін Павел еркіндікке шыққан.
© REUTERS / Tatyana MakeyevaБедерлеуден кейін тас күрт кішірейіп кетуі мүмкін. Мысалы, 2020 жылдың қарашасында сатылған 13 каратты "Раушан елесі" атты алқызыл бриллианттың бастапқы салмағы 27 карат болған.
2020 жылдың қарашасында сатылған 13 каратты Раушан елесі атты алқызыл бриллианттың бастапқы салмағы 27 карат болған - Sputnik Қазақстан
8/8
Бедерлеуден кейін тас күрт кішірейіп кетуі мүмкін. Мысалы, 2020 жылдың қарашасында сатылған 13 каратты "Раушан елесі" атты алқызыл бриллианттың бастапқы салмағы 27 карат болған.
Жаңалықтар
0