14:35 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Фото

Barbie-ге 62 жыл: өнер жұлдыздарының қуыршақ бейнесі – фото

Қысқа сілтеме алу
123 0 0
  • Үйлену тойы кезінде Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон секілді киінген Barbie мен Кен қуыршақтары.
  • Германия канцлері Ангела Меркельге ұқсас Barbie қуыршағы
  • Модель Хайди Клум және өзіне ұқсатып дайындалған Barbie қуыршағы
  • Актриса Мерилин Монро
  • Әнші әрі актриса Зендая
  • Клеопатра рөлін сомдаған Элизабет Тейлор бейнесіндегі Barbie қуыршағы. 2006 жылдың қыркүйегіндегі Christie's аукционы.
  • Эколог Налини Надкарни өзіне ұқсатып дайындалған Barbie қуыршағын қолына ұстап отыр
  • Завтрак и Тиффани фильміндегі актриса Одри Хепберн бейнесінде құрастырылған Barbie қуыршағы.
  • Әнші, актриса Шерге ұқсатып жасалған Barbie қуыршағы. Бұл қуыршақ 2008 жылы Лас-Вегастағы Caesars Palace кешенінің жанындағы бутикте сатылды.
  • Болливуд жұлдызы Катрина Каиф Үндістандағы алғашқы Barbie қуыршағын таныстырып тұр. Бұл қуыршақтар Мен киножұлдыз боламын топтамасы аясында 2011 жылы әзірленді.
  • Француз футболшысы Амандин Анри өзінен айнымайтын Barbie қуыршағын ұстап тұр, 2020 жыл.
  • Олимпиада чемпионы, қара нәсілді америкалық гимнастшы Габби Дуглас Barbie қуыршағымен бірге
  • Неке қию кезіндегі Элвис пен Присцилла Пресли бейнесіндегі Barbie мен Кен қуыршақтары.
  • Хиджаб киген алғашқы Barbie қуыршағы
  • Сәнқойлар 2014 жылы Нюрнбергте өткен ойыншықтар көрмесінде өздеріне ұқсас киім киген Barbie қуыршақтарымен бірге суретке түсіп тұр.
© AFP 2021 / Mattel 2012 / Paul Jordan
Үйлену тойы кезінде Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон секілді киінген Barbie мен Кен қуыршақтары.

Barbie қуыршағының шығарыла бастағанына 62 жыл толып отыр. Бүгінге дейін ол саясаткер де, ветеринар да, ханшайым да, тіпті эколог та болып үлгерді

Бұл қуыршақтың киімдерін әлемдегі ең танымал дизайнерлер әзірлейді. Мына ғаламшарда Barbie қуыршағын алуды армандамаған қыз бала жоқ шығар, сірә!

Америка тұрғыны Синди Джексон өзінің идеалына ұқсауы үшін 55 рет пластикалық ота жасатқан. Бірақ бұл оның жеке өміріне кері әсер етіп, соңында ол жалғыз қалды. Көптеген мұсылман елінде Barbie қуыршағын сатуға тыйым салынған. Алайда бұл елдерде діни көзқарас бойынша шектеуі жоқ басқа да танымал ойыншықтар бар.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Barbie 1959 жылы Висконсин штатындағы Уиллоус қалашығында "дүниеге келген". Кейінірек ол танымал брендке айналып, Нью-Йоркке "көшіп кеткен". 1960 жылдан бері Barbie түрлі мамандықты игеріп келеді. Ол әнші де, мұғалім де, ғарышкер де, тіпті "президенттікке үміткер" де болды. Barbie қуыршағының ондаған "досы" мен "туысы" бар. Олардың қатарында сіңілісі Скиппер мен сүйген жігіті Кенді атауға болады. Айта кету керек, жігіт қуыршақты шығару кей кездерде тоқтап қалғанына қарамастан, Barbie мен Кен 40 жылдан бері бірге қол ұстасып келеді.

Оқи отырыңыз: Әйелдер әдемілік үшін қандай әрекеттерге бара алады – фото

Barbie қуыршағын әзірлеушілер әлемге танымал жұлдыздарды прототип етіп қуыршақ шығаруды әдетке айналдырған. Олардың ішінде танымал актриса Мерилин Монро мен Элизабет Тейлор, хиджаб киген алғашқы Barbie үшін үлгі болған америкалық семсерлесуші Ибтихадж Мухаммад та бар.

Тағы қандай жұлдыздардың Barbie қуыршақ түріндегі егізі әзірленгенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
өнер, жұлдыздар образы
Загрузка...

Басты тақырып