Саясат

АҚШ президенті Тоқаевқа хат жазды

© AFP 2024 / SAUL LOEBДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ президентінің әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркия президентіне жеделхат жолдады 

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Жаңалықтар
0