19:29 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Саясат
Қысқа сілтеме алу
196 0 0

Қазақстан басшысы Түркия президентін туған күнімен құттықтап, түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтап, жедехат жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Түркия президентіне түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

"Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия өзінің тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, ықпалды аймақтық және халықаралық актор ретінде мерейін үстем етуде мол табыстарға қол жеткізуде. Осы тұста, еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың лайым оңынан шығуына тілектестігімді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Президент Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға өркендеуіне, стратегиялық әріптестік аясының кеңеюіне қосқан үлесін өте жоғары бағалады.

"Биік деңгейдегі мазмұнды диалог пен екіжақты қарым-қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін нығайта түсуге дайындығымды қуаттап, мемлекеттеріміз мүдделік танытатын күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өзіңізбен Қазақстанда жүздесетініме үміт артамын", -деп жазылған Қазақстан президентінің құттықтауында.

Мемлекет басшысы Түркия президентіне қажымас қайрат, зор бақыт, ал түрік халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Ердоған 1954 жылы 26 ақпанда Ыстамбұлда туған. Биыл 67 жасқа толды.

Тақырып бойынша

Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады
Карантинмен тұспа-тұс келген мерейтой: Назарбаев 80 жасқа толды
Тоқаев пен Мирзиёев не туралы сөйлескені айтылды
Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Загрузка...

Басты тақырып