НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 12 наурыз күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
12 наурыз күні түнде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түседі.
13 наурызда оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні – 25 м/с.