Өңірлер

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБәйшешек
Бәйшешек - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, наурыз айында ауа температурасы күрт өзгеріп, айдың басында ауа райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазгидромет наурыз айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Еліміздің көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Консультативтік болжамға сәйкес, наурызда елдің басым бөлігінде циклондардың өтуімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы жоғары болады", - деп болжап отыр синоптиктер.

Қазақстанның басым аумағында орташа айлық температура нормадан 1°C жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ғана норма шамасында болжанады.

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгеруі мүмкін.

Қазгидромет ақпаратынша, наурыздың басында белсенді циклондардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ болжанып отыр. Елдің оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

Бірінші онкүндікте ел аумағында ауа температурасы құбылады: солтүстік жартысында оң таңбалыдан теріс таңбалы мәндерге дейін, оңтүстік жартысында +10...+15°С-тан 0...+7°С дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3...-10°С-тан -1..+6°С дейін.

Тағы оқыңыз: Жылыжайда гүл өсіретін жігіт: Қазақстандықтар қызғалдақтың ерекше түрін менсінбейді

"Бірінші және екінші онкүндікте кей күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан ығысатын суық ауа массаларының әсерінен түнгі уақытта сынап бағанасы солтүстік өңірлерде -13-25°С дейін, оңтүстік аймақтарда -5-15°С дейін төмендеуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

Айдың екінші жартысында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы кей күндері +3+10°С дейін, елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды.

Қазгидрометтің болжамынша, көктемнің алғашқы айында жауын-шашын нормадан көп түседі, елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында ғана норма шамасында болады.

Жаңалықтар
0