Қоғам

Маман телефонда қандай деректерді сақтамау қажет екенін айтты

© Photo : UnsplashСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Телефонды жоғалтып алу қаупін ескерген маман түрлі мақсат үшін әртүрлі смартфон мен аккаунттарды пайдаланған жөн деп санайды

АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Киберқауіпсіздік бойынша маман смартфонда қандай деректерді сақтауға болмайтынын және мобильді құрылғыны қалай қорғауға болатынын айтты, деп хабарлайды RT.

Маман Андрей Масаловичтің айтуынша, телефон ішіндегі бағдарламаларда бірдей пароль қолдануға болмайды.

"Серверлер мен компьютерде, желіге қосылған смартфондарда құпия деректерді сақтамаған жөн, оның орнына автоматты түрде өшіп отыратын функцияны таңдау керек. Сондай-ақ желіге қосылуға мүмкіндік беретін аккаунт аты мен паролін жазуып қоюға болмайды. Құпия сөзді тоқсан сайын ауыстырып отыру керек. Ал көп ақша бар шоттағы ақшаны тек банк филиалынан шешуге болатындай еткен дұрыс", – деп түсіндірді Масалович.

Ал күнделікті қолданыс үшін бір картаны қолданған жөн. Ол жердегі қаражат көлемі де көп болмауы керек. Сондай-ақ банк қосымшасына кірген кезде "сақтап қалу" батырмасын таңдамаңыз.

"Заманауи смартфондарда жеке деректерді, құпия сөздерді жасыруға мүмкіндік беретін функциялар бар. Мысалы, құрылғының жаңа нұсқасында "динамикалық ауысатын MAC мекенжайы" батырмасы бар. Соны орнату қажет және Bluetooth-ды өшіру керек", – дейді маман.

Оқи отырыңыз: Маман ұялы телефон туралы жұрт біле бермейтін ақпаратты айтты

Смартфонда төлқұжаттың суретін сақтаудың орнына сканерленген нұсқасын сақтаған сенімдірек болады. Егер біреуге құжат фотосын жіберу қажет болса, содан кейін дереу өшіріп тастау керек.

Маман телефонды жоғалтып алу қауіпі үнемі болатынын, сол себепті әртүрлі мақсат үшін әртүрлі смартфон мен аккаунт болуы керек деп санайды. Бұл бір жағынан жұмыс пен жеке өмірді араластырмауға көмектеседі.

Жаңалықтар
0