Қоғам

Маман ұялы телефон туралы жұрт біле бермейтін ақпаратты айтты

© AP Photo / Kiichiro SatoМужчина держит в руках айфон
Мужчина держит в руках айфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Хирургиялық жағдайды көрсететін имплантацияланған медициналық құрылғылар ауруды анықтап қана қоймай, емдей де алады

АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Заманауи технологиялар денсаулыққа қатысты кейбір проблеманы өз бетінше анықтап, емдеуге сеп болады. Телефон, сағат, білезік көмегімен дертті анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне профессор Андрей Ардашев айтты.

Ғалым "ақылды сағатты" мысалға келтірді. Apple Watch-та жүрек соғысын жазатын, жүрек соғу жиілігін есептейтін, электрокардиограмма нәтижелерін дәрігерге жіберетін "ЭКГ" қосымшасы бар.

Ал хирургиялық жағдайды көрсететін имплантацияланған медициналық құрылғылар (кардиостимулятор және дефибриллятор) ауруды анықтап қана қоймай, емдей де алады.

Маманның айтуынша, жаңа құрылғыларды жобалау кезінде медицина және инженерия деп бөлген тиімді. Өйткені дәрігерлерге жаңа технологиялар туралы ақпарат жетіспейді. Ал технологияны ойлап табушы мамандардың медицинадан хабары жоқ. Ал бұл келеңсіз жағдайға алып келуі мүмкін.

Жаңалықтар
0