Қоғам

Нұр-Сұлтанда және 9 облыста дабылды ескерту жарияланды

© AP Photo / Sergei GritsВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2021
Жазылу
Дүйсенбіде Қазақстанның басым аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен елдің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 

8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

8 наурызда Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағандыда боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін.  

8 наурызда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ болады.

8 наурызда Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Атырауда 8 наурызда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты 

8 наурызда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

8 наурызда Ақтөбе облысында бұрқасындатып, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ақтөбеде солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 18 м/с.

8 наурызда күндіз Павлодар облысында жауын-шашын түседі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Павлодарда да жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.  

Дүйсенбіде Қостанай облысында бұрқасындатып, тұман түседі, түнде көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады – 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанайда 8 наурызға қараған түні жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

8 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Петропавлда түнде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 наурызға қараған түні Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Жаңалықтар
0