АҚШ-тың алдағы әрекеттері жайлы РИА Новости материалында.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мемлекеттік департаменттегі алғашқы ресми мәлімдемесі қызу талқыға түсті. Жарты сағаттың ішінде америкалық дипломатия басшысы жақында ұлттық қауіпсіздік стратегиясында бекітілетін сыртқы саясаттың басты бағыттарымен бөлісті.
Жалпы, Блинкен айтқан ақпарат елең етерлік жаңалық болған жоқ. Себебі, ол да, жаңа президент Джо Байден де соңғы бірнеше ай бойы осы мәліметті қайталаумен болды. Алайда, назар аударарлық бір мәселе болды.
"Біздің әдісіміз өзгереді, - деді мемлекеттік хатшы. - Біз қымбат әскери басқыншылық немесе авторитарлық режимдерді күшпен құлату әрекеттері арқылы демократияны дамытуды доғарамыз", - деген ол мұндай әдістер ешқандай жақсылыққа алып келмегенін мойындады. "Демократияны ілгерілету" сөз тіркесі теріс сипатқа ие болғаны соншалық, америкалықтардың өзі оған сенуді қойған.
Әлем өзгерді. Жаңа жағдайда Вашингтон өз назарын терроризм қаупінен қарсылас державаларға қарсы күреске аударады. Ол демократияны өз үлгісі арқылы ілгерілету керек деп санайды. "Әйтпесе, біз Қытай мен Ресей сияқты бәсекелестерден жеңіліс табуымыз ықтимал. Олар біздің идеалдарды ұстаным еткенімізге күмән келтіретін барлық амал-әдісті қолданудан тартынып жатқан жоқ Олардың ісін жеңілдетпеуіміз керек", - деп қорытындылады дипломат.
Өткен жыл бұл ел үшін үлкен сынақ болды. Бірінші, екінші, тіпті Вьетнам соғысындағыдан үлкен адам шығынына алып келген коронаиврус пандемиясы денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті әшкере етті. Полицейлердің қара нәсілді азаматты өлтіргені үшін нәсілдік көтерілістер қоғамдағы нәсілдік төмендетуді тағы айшықтады.
Президент сайлауы соңғы он жылдағы ең шуға толы оқиғаға айналды. Дональд Трамп сайлау нәтижелері бұрмаланғанын әлі күнге дейін айтуда. Бұл алдыңғы президент жақтастарының Капитолийге басып кіріп, тәртіпсіздіктер жасауына себепші болды.
Сондықтан, Джо Байденнің алдында елдің бірлігін қайта қалпына келтіру міндеті тұрды. Ол ең алдымен америкалықтардың өзіне АҚШ әлі де демократия үлгісі екенін дәлелдеуі керек еді.
"Қазір АҚШ-та өзін үлгі етіп көрсету жағы проблемаға айналды. Олар елдегі жағдайды өздері реттей алатынын әлемге көрсетулері керек.Сондықтан, БЛинкеннің мәлімдемесі елдің ішкі жағдайына бағытталған деп түсуінуге болады. Басқа мемлекеттерде тәріп орнату ең алдымен өзінен бастауға ынталандырады", - деді АҚШ пен Канада институтының ғылыми аға қызметкері Павел Кошкин.
Байден әкімшілігі ең басты қарсылас Қытай және оның даму моделі екенін айтумен келеді. Вашингтон дәл осы модельді өзгертуге тырысады. Ал Бейжің саяси жүйені қандай да бір бағытта экспорттамайтынын жеткізді. ҚХР төрағасы Си Циньпин "Біз даму арқылы әлемге мүмкіндіктер ұсынатын боламыз" дегенді айтты.
"Кейбір елдер үшін расымен де қытайлық мемлекеттік басқару элементтерін импорттауға мұқтаж. Өңірдегі бірқатар елдер демократиялық реформаларсыз-ақ дамыған экономикаға қол жеткізгісі келеді. Алайда кез-келген мемлекет өзін демократиялы ел ретінде көрсетуі керек. Әйтпесе жаһандық өмірге ілесе қою екіталай", - деп санайды Мәскеудегі Карнеги орталығының кеңесшісі, қытайтанушы Темур Умаров.
Сол себепті Орталық Азия елдеріі адам құқықтары мен реформалар жайын сөз еткенімен, іс жүзінде олар Батысты үлгі ретінде көрмейді. Қазір тіпті Қырғызстанның өзі АҚШ-тан алшақтап бара жатқанын байқап отырмыз. Сарапшының пікірінше, АҚШ Орталық Азияға Бейжің секілді экономика арқылы сіңісе алса, оның ықпалы да жоғары болар еді. Онсыз идеологиялық еңгейде қандай да бір ықпал ету екіталай.
Жаңа әкімшілік Барак Обаманың әдістерін жалғастыратын болады. Обама доктринасы шет мемлекеттердегі америкалық әскерилердің араласуын азайтуды қарастырды. Сол кездің өзінде-ақ демократтар әскери әдістердің жоғары деңгейде тиімді емес екеніне көз жеткізді.
Бірақ, АҚШ-тың 44-ші президентінің бұл ойы сәтсіздікке ұшырады: 2011 жылы Америка Құрама Штаттары Ливияның үкімет күштеріне әуеден шабуыл жасады. Кейін Обама бұл шешімнің дұрыс болғанмен, Вашингтон оның салдарына дайын болмағанын мойындады. Ливияда хаос орнады. Обама мұны өзінің президент болған кездегі ең үлкен қателігі деп атады.
Қазір Вашингтон Ресейдегі, Беларусьтегі, Венесуэладағы оппозиция өкілдерін жақтауды қолға алды. Бұған дейін АҚШ Алексей Навальныйдың ісіне байланысты Ресейдің кейбір шенеуніктеріне қарсы санкциялар енгізген болатын. ЖЭМ ҰЗУ Кешенді еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығы басшысының орынбасары Дмитрий Суслов бұл бір есептен азаматтық соғысты қолдау, екінші жағынан – саяси дағдарысты арандату деп санайды.
Ақпараттық саясат, үгіт-насихат, қоғамдық дипломатия. Санкциялар да демократияны таратудың маңызды құралы болады. Бірақ жаңа Ирак пен Ливия құру бойынша операциялар болмайды. Өзін мысал етіп, демократия орнату мүмкін емес екенін тарих көрсетті. Бұл шетелдік жобаларға ақша бөлуден әлдеқайда қиын. Демек, достық күштерді қаржылық қолдау АҚШ Мемлекеттік департаментінің басты құралына айналады.