Әлем

АҚШ-тағы жеке меншік әскери қызметтің болашағы қандай?

© Sputnik / Кейтлин Оукс / Медиабанкке өтуБеспорядки в американском городе Балтиморе
Беспорядки в американском городе Балтиморе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызметтен кетіп бара жатқан президент үшін мына аласапыран сәт қайырымдылықтар мен кешірімдер "тарату" уақытына айналғандай. Бұл жолы "Блэкуотер" жеке әскери компаниясының төрт жалдамалы әскери қызметшісі Дональд Трамптың рақымшылығынан үмітті болды

2007 жылдың қыркүйек айының жексенбісінде Бағдадтағы Нисур алаңында Мемлекеттік департаменттің қызметкерлерін күзеткен олар бей-берекет оқ жаудырып, 17 бейбіт тұрғынның көз жұмуына және 20 адамның жаралануына себепші болды. Бір айта кетерлігі, 2016 жылы қызметінен кетіп жатқан президент Обамадан мұндай рақымшылық сұрауға олардың дәті бармас еді, деп жазады РИА Новости.

Истребитель F-22 ВВС США - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан АҚШ-тан екі барлау ұшағын сатып алмақшы
Жалпы, америкалық жеке меншік әскери компаниялар үшін елде әскери операциялар жүргізудің заңдары жоқ деуге болады. Себебі, Вашингтон әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қою кезінде жалдамалы әскерилер белгілі бір елде қылмыс жасаған болса, оларды ол қылмысқа қатысты жауапкершіліктен босату туралы тармақты міндетті түрде енгізеді.

Жалдамалы әскерилерге бір жылдан кейін ғана, яғни 2008 жылдың желтоқсанында айып тағылды. Бір жылдан кейін, 2009 жылы істің дұрыс жүргізілмеуі негізінде айып алынып тасталды да, 2011 жылы сәуірде іс қайта қаралып, алдыңғы сот шешімі қате деп танылды. 2012 жылдың қаңтарында "Блэкуотер" құрбан болған алты адамның отбасыларына өтемақы төлеу арқылы жазадан құтылғысы келді. Қылмыстан кейін жеті жыл өткен соң, 2014 жылы жалдамалы әскерилерге қатысты үкім шығарылды: бірінші болып оқ әскери өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал қалған үшеуі 30 жылға абақтыға тоғытылды. 2019 жылдың тамызында апелляциялық сот өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Алайда, олар расталған айыптау үкіміне қарамастан, Дональд Трамптың өз жақтарында екенін білді. Себебі, АҚШ президенті баукеспе қылмыскерлерді де әскери қылмысқа жауапкершіліктен босататын. 2019 жылдың қараша айында Президент АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің арнайы жасағының сарбазы Эдди Галлагерге рақымшылық жасады. Галлагер шілде айында тұтқынға алынған ДАИШ* жасөспірімін аңшылық пышақпен еш себепсіз өлтіріп, мәйіттің қасында фотоға түскені үшін сотталған болатын. Әріптестерінің айтуынша, Галлагер " жаны бардың барлығын өлтіруге дайын болған". Оған тағылған басқа айыптаулардың ішінде снайперлік торуыл кезінде мектеп оқушысы мен қарт адамды өлтіргені де бар. Барлық қылмыстар Иракта жасалған. Ал, Трамп Галлагердің ақталуына атсалысып, ӘТК қолбасшысы Ричард Спенсерді отставкаға жіберді және Галлагерді жұбайымен өз үйінде қонақ етіп күттті.

Дональд Трамптың "Блэкуотер" негізін қалаушы Эрик Принске қатысты қандай да бір мідеттемелері бар екенін еске салған жөн. Принс өз автобиографиясында "Кеңес Одағымен жеке күресуге дайын болғанын" жазады. Ол өзінің ең кенже, жетінші баласын есімін Орталық барлау басқармасының негізін қалаушы Уильям Донованның құрметіне атады.

АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салды - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді - видео
Ал 2016 жылы Принс әулеті Трамптың сайлауалды науқанын қаржыландырды. Нәтижесінде, Эриктің әпкесі Бетси Девос Білім министрі лауазымына ие болды. Трамп президенттік қызметінің бүкіл мерзімінде орнынан алып тастамаған министрлердің бірі осы Бетси Девос. Күйеуінің Девос тегі оны Ресейде танымал тұрмыстық химия өндірушісі Amway компаниясының алып капиталымен байланыстырды. Бетси Девос ешқашан білім беру саласының мәселелерімен айналыспаған. Ал, Эрик Принс өз кезегінде Трамп үшін Ауғанстан бойынша жаңа стратегия әзірледі. Ол ауған жеріндегі табиғи ресурстарды өндірумен айналусуды ұсынды.

Жұмыс жасаған жылдар ішінде "Блэкуотер" жекеменшік әскери қызметтің, жазасы қалған қылмыстардың өсуінің, мемлекеттің бұл индустрияны бақылауға алуға қабілетсіздігінің айқын көрінісіне, тіпті, синониміне айналды. Негативке толы жаман аттан құтылу мақсатында Эрик Принс 2009 жылы компанияның атауын "XeServices" деп өзгертіп, "жеке инвесторлар тобына" сатып жіберді. Кезекті ребрендингтен кейін компания "Academi" деген атауға ие болып, ондаған құрылымнан тұратын топқа айналды. Бұл компания Орталық барлау басқармасымен достық қарым-қатынаста бірлесе қызмет атқара алды.

Ал, Принстің өзі 2010 жылы Әбу-Дабиге көшіп, ол жақта ReflexResponses компаниясын құрды. Ол жергілікті шейхтың мыңдаған әсерилерін даярлауға бағытталған. Гонкогта Африкадағы Қытай мүдделері атынан әрекет ететін FrontierServicesGroup компаниясы бар. Эрик Принстың Қытайдың басты жобаларының бірі – "Бір білбеу – бір жол" атты жобасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалдануы сенсацияға айналды.

Жекеменшік әскери қызметке рұқсат берген АҚШ әлем нарығында әскери қақтығыстардың артуына себепші болды. Жекеменшік әскерлер дәстүрлі мемлекеттік монополияны бұзып, қақтығыстан пайда көріп отыр: олар өз пайдалары үшін мұндай қақтығыстардың ауқымын кеңейтіп, екі тарап үшін де соғыса береді.

*Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0