Биыл "Алтын глобус" киносыйлығын табыстау шарасы 78-ші рет өтті. Марапаттарды тапсыру бір уақытта екі қалада – Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте ұйымдастырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара алғаш рет виртуалды форматта өтті.
Шараны актрисалар – Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.
Биылғы жылы "Көшпенділер жері" драмасы мен атышулы "Борат 2" комедиясы жеңімпаздар ретінде танылды. Қос кинокартина өз категориясы бойыша үздік деп танылды. Сол сияқты "Жан" мультфильміне де қос мүсін бұйырды.
Сыйлықты табыстау видеоконференция форматында өтті. Бірқатар танымал жұлдыз салтанатты шараға қатысудан бас тартып, онлайн байланыста болды.
"Алтын глобус" сыйлығын тапсыру сәті мен қызыл кілемшедегі жұлдыздар суреттерін біздің материалдан тамашалаңыз.
"Алтын глобус" – 1944 жылдан бері кинофильмдер мен телевизиялық жобалардағы еңбегі үшін Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығы табыс ететін сыйлық. Марапат жеңімпаздары Голливудте тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистің дауыс беруі арқылы анықталады.