Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Алтын глобус-2021" сыйлығын тапсыру рәсімі алғаш рет онлайн өтті – жұлдыздар фотосы

Жазылу
Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте "Алтын глобус" сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. 2021 жылы бұл марапатқа ие болған жұлдыздардың суреттерін біздің топтамадан көріңіз

Биыл "Алтын глобус" киносыйлығын табыстау шарасы 78-ші рет өтті. Марапаттарды тапсыру бір уақытта екі қалада – Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте ұйымдастырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара алғаш рет виртуалды форматта өтті.

Шараны актрисалар – Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.

Биылғы жылы "Көшпенділер жері" драмасы мен атышулы "Борат 2" комедиясы жеңімпаздар ретінде танылды. Қос кинокартина өз категориясы бойыша үздік деп танылды. Сол сияқты "Жан" мультфильміне де қос мүсін бұйырды.

Сыйлықты табыстау видеоконференция форматында өтті. Бірқатар танымал жұлдыз салтанатты шараға қатысудан бас тартып, онлайн байланыста болды.

"Алтын глобус" сыйлығын тапсыру сәті мен қызыл кілемшедегі жұлдыздар суреттерін біздің материалдан тамашалаңыз.

"Алтын глобус" – 1944 жылдан бері кинофильмдер мен телевизиялық жобалардағы еңбегі үшін Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығы табыс ететін сыйлық. Марапат жеңімпаздары Голливудте тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистің дауыс беруі арқылы анықталады.

© REUTERS / Cindy Ord/NBCБиыл "Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" картинасы жеңімпаз атанды. Суретте: актриса Кэтрин Зета-Джонс пен актер Майкл Дуглас.
Актриса Кэтрин Зета-Джонс и актер Майкл Дуглас на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
1/16
Биыл "Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" картинасы жеңімпаз атанды. Суретте: актриса Кэтрин Зета-Джонс пен актер Майкл Дуглас.
© REUTERS / Peter Kramer/NBCСондай-ақ, Девид Финчердің "Манк" картинасы, Флориан Зеллердің "Әке" фильмі, Ааорн Соркиннің "Чикаголық жетілік соты" туындысы мен Эмиральд Феннелдің "Үміт арқалаған бойжеткен" киносы да дәл осы номинация бойынша бақ сынап көрді. Суретте: актер Бен Стиллер марапаттау шарасында глобус пішінді тәтті тоқашты ұстап тұр.
Актер Бен Стиллер с булкой в виде статуэтки глобуса на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
2/16
Сондай-ақ, Девид Финчердің "Манк" картинасы, Флориан Зеллердің "Әке" фильмі, Ааорн Соркиннің "Чикаголық жетілік соты" туындысы мен Эмиральд Феннелдің "Үміт арқалаған бойжеткен" киносы да дәл осы номинация бойынша бақ сынап көрді. Суретте: актер Бен Стиллер марапаттау шарасында глобус пішінді тәтті тоқашты ұстап тұр.
© REUTERS / Christopher Polk/NBCАндра Дэй "Құрама Штаттары Билли Холидейге қарсы" фильміндегі рөлі үшін "Драмалық фильмдегі үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды. Суретте: жүргізуші Анджела Бассетт.
Ведущая Анджела Бассетт на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
3/16
Андра Дэй "Құрама Штаттары Билли Холидейге қарсы" фильміндегі рөлі үшін "Драмалық фильмдегі үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды. Суретте: жүргізуші Анджела Бассетт.
© REUTERS / Rich Polk/NBC"Ма Рейни: Блюзь анасы" фильміндегі рөлі үшін актер Чедвик Боузман үздік драмалық актер деп танылды. Чедвик Боузман өткен жылдың тамыз айында обыр ауруынан көз жұмды. Ол көпшілікке "Қара пантера" фильміндегі басты рөл арқылы танымал болды. Суретте: актриса Аквафина
Актриса Аквафина на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
4/16
"Ма Рейни: Блюзь анасы" фильміндегі рөлі үшін актер Чедвик Боузман үздік драмалық актер деп танылды. Чедвик Боузман өткен жылдың тамыз айында обыр ауруынан көз жұмды. Ол көпшілікке "Қара пантера" фильміндегі басты рөл арқылы танымал болды. Суретте: актриса Аквафина
© REUTERS / Christopher Polk/NBCАл Джейсон Уолинердің "Борат 2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте: америкалық актриса Джиллиан Андерсон.
Американская актриса Джиллиан Андерсон на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
5/16
Ал Джейсон Уолинердің "Борат 2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте: америкалық актриса Джиллиан Андерсон.
© AFP 2024 / HFPAАктер Шон Пенн АҚШ-та өткен "Алтын глобус" сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шарада.
Актер Шон Пенн на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
6/16
Актер Шон Пенн АҚШ-та өткен "Алтын глобус" сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шарада.
© REUTERS / Todd Williamson/NBC"Гамильтон" (Томас Каил), "Палм-Спрингсте көңіл-көтеру" (Макс Барбаков), "Түлектер кеші" (Райан Мерфи) "Мьюзик" (әнші Сиа) фильмдері де үздік комедия номинациясының сыйлығынан үмітті болатын. Суретте: салтанатты шараға қатысқан әнші София Карсон.
 Певица София Карсон на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
7/16
"Гамильтон" (Томас Каил), "Палм-Спрингсте көңіл-көтеру" (Макс Барбаков), "Түлектер кеші" (Райан Мерфи) "Мьюзик" (әнші Сиа) фильмдері де үздік комедия номинациясының сыйлығынан үмітті болатын. Суретте: салтанатты шараға қатысқан әнші София Карсон.
© REUTERS / Peter Kramer/NBC"Чикаголық жетілік соты" картинасының сценарийін жазған Ааорн Соркин "Үздік сценарист" деп танылды. Суретте: актриса Аня Тейлор-Джой.
Актриса Аня Тейлор-Джой во время церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
8/16
"Чикаголық жетілік соты" картинасының сценарийін жазған Ааорн Соркин "Үздік сценарист" деп танылды. Суретте: актриса Аня Тейлор-Джой.
© REUTERS / Rich Polk/NBC "Алтын глобус" шешімі бойынша үздік шағын сериал "Патшайым жүрісі", үздік драмалық сериал – "Тәж", үздік комедиялық сериал – "Шиттс Крик". Суретте: израильдік актриса Галь Гадот.
Израильская актриса Галь Гадот на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
9/16
"Алтын глобус" шешімі бойынша үздік шағын сериал "Патшайым жүрісі", үздік драмалық сериал – "Тәж", үздік комедиялық сериал – "Шиттс Крик". Суретте: израильдік актриса Галь Гадот.
© REUTERS / Todd Williamson/NBCӘнші Синтия Эриво да "Алтын глобус" сыйлығын табыстау салтанатына қатысты.
 Певица Синтия Эриво на церемонии награждения премии Золотой глобус в США - Sputnik Қазақстан
10/16
Әнші Синтия Эриво да "Алтын глобус" сыйлығын табыстау салтанатына қатысты.
© REUTERS / NBC "Шет мемлекет тіліндегі үздік фильм" номинациясында ұлты кәріс америкалық режиссер Ли Айзека Чунаның "Минари" картинасы үздік деп танылды. Суретте: марапттау шарасына қатысқан актриса Кейт Хадсон.
Актриса Кейт Хадсон на церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
11/16
"Шет мемлекет тіліндегі үздік фильм" номинациясында ұлты кәріс америкалық режиссер Ли Айзека Чунаның "Минари" картинасы үздік деп танылды. Суретте: марапттау шарасына қатысқан актриса Кейт Хадсон.
© REUTERS / Christopher Polk/NBC Үздік анимациялық фильм – "Жан". Суретте: актриса Сальма Хайек.
Актриса Сальма Хайек на церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
12/16
Үздік анимациялық фильм – "Жан". Суретте: актриса Сальма Хайек.
© REUTERS / NBC Актриса әрі шараның жүргізушілері Тина Фей (сол жақта) мен Эми Полер "Алтын глобус" марапатының жеңімпаздарын анықтау кезінде.
Ведущие на церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
13/16
Актриса әрі шараның жүргізушілері Тина Фей (сол жақта) мен Эми Полер "Алтын глобус" марапатының жеңімпаздарын анықтау кезінде.
© REUTERS / Todd Williamson/NBC 20-дан астам номинация бойынша "Алтын глобус" сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын өтеді. Суретте: актриса Марго Робби.
Актриса Марго Робби на церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
14/16
20-дан астам номинация бойынша "Алтын глобус" сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын өтеді. Суретте: актриса Марго Робби.
© REUTERS / Christopher Polk/NBCМарқұм Чедвик Боузман "Алтын глобус" сыйлығына лайықты деп танылды.
Актер Чедвик Боузман посмертно удостоен награды Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
15/16
Марқұм Чедвик Боузман "Алтын глобус" сыйлығына лайықты деп танылды.
© AFP 2024 / Dimitrios Kambouris/Getty Images for HFPAАҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығымен қатар "Алтын глобус" та әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Суретте: актер Кристофер Мелони қызымен бірге.
Актер Кристофер Мелони с дочерью на церемонии награждения премии Золотой глобус в США  - Sputnik Қазақстан
16/16
АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығымен қатар "Алтын глобус" та әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Суретте: актер Кристофер Мелони қызымен бірге.
Жаңалықтар
0