Қоғам

Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Жазылу
Үкімет басшысы ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да Қазақстанды одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болатынына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.  

"Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды. Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық", - делінген премьер-министрдің құттықтауында.

Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз – Тоқаев

Мамин қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары – ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болатынына сенім білдірді.

"Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын! Барлық қазақстандыққа, әр отбасына зор денсаулық және амандық тілеймін!", - деп түйіндеді үкімет басшысы.    

Жаңалықтар
0