Қоғам

Біз көздеген мақсаттарымызға жетеміз – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Ақорда сайтында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтауы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Оқи отырыңыз: Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады 

Президент Қазақстан халқы осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігін жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өткенін мәлімдеді.

"Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз. Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Отанымызды өркендету жолында сіңірген жасампаз еңбегі үшін барша қазақстандыққа алғыс айтты.

"Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!", - деп түйіндеді президент.

Жаңалықтар
0