Өңірлер

Тәжік азаматының арызынан кейін Сарыағаш тұрғыны төрт жарым жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Пысықай "кәсіпкер" көліктерді сатқаннан кейін туысының үйінде жасырынып жүргенімен, полицейлер оны тауып алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Тәжікстан азаматтарын алдап кеткен Сарыағаш ауданының тұрғыны төрт жарым жылға түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AstanaTV арнасына сілтеме жасап.   

Былтыр күзде Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Тәжікстан Республикасының бір топ азаматтары арызданған. Олар карантин күшейтілген кезде "Қапланбек" шекара бекетіне жақын үйдің иесімен келісіп, ауласына 9 автокөлікті қалдырып кеткен. Ал бір айда кейін қайтып барғанда үй иесін де, көліктерін де таппай қалды. Сөйтсе, Сарыағаш ауданының 31 жастағы тұрғыны көлік құралдарын сатып, 11 миллион теңгеге байыған.

"Тергеу барысында тергеушілердің анықтағанындай 31 жастағы тұрғын шетел азаматтарының көліктерінің алтауын Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сатып жіберген. Ал қалған үшеуін Сарыағаш ауданында бөлшектеп сатып жіберген. Заңды иелеріне автокөліктер қайтарылды", – дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Пысықай "кәсіпкер" көліктерді сатқаннан кейін туысының үйінде жасырынып жүрген. Бірақ полицейлер оны тауып алды. Оның бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды. Енді сот үкімімен тағы түрмеге тоғытылды. Бұл жолы ол төрт жарым жылын түзеу мекемесінде өткізеді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер Сарыағаш саунасында сұмдық істің үстінен түсті

Жаңалықтар
0