15:43 24 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD425.59
  • EUR505.43
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5316922

Қазіргі кезде сауна иесіне хаттама толтырылып, оған қатысы бар күдіктілердің үстінен қылмыстық кодекс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жеңгетайлық жасау мен притон ұйымдастыру қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасына Сарыағаштың бір тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында Сарыағаш қаласының бір саунасында жеңіл жүрісті қыздардың барын және жеңгетайлық қызмет көрсетілетінін мәлімдеген. Соның негізінде полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізген.

"Тексеріс нәтижесінде арызда көрсетілген саунаның шынымен де жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Жеңгетайлық жасаған жас қыз да ұсталды. Оған қоса, саунада қызмет көрсеткен Өзбекстанның екі азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны тұтқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленді", – деді полиция өкілдері.

Қазіргі кезде көрші елдің екі азаматшасы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, арнаулы орталыққа қамалды. Ал сауна иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бабымен хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: "Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген

Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша

Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды
Бахрейнде қазақстандық қыздарды жезөкше болуға мәжбүрлеген
"Әйелдің бәрі - жезөкше": қыз-келіншектерді аяусыз өлтірген атышулы қанішерге үкім шықты
Алматы әкімі қала тұрғындары жезөкшелерден әбден мезі болғанын айтты
Кілт сөздер:
полицей, Сарыағаш
Загрузка...

Басты тақырып