Өңірлер

Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғынын ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қызылордада газ құю станциясынан ақша мен талонды алып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те бетперде киген белгісіз біреу қала орталығында орналасқан газ құю бекетінің қызметкерін тапаншамен және үшкір затпен қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон және талондарды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 104 мың теңге.

"Тездет, бәрін бер": Тонаушылар кассирге бензин шашып, ақшаны алып кетті – видео

Қызылорда қаласының полиция басқармасы қызметкерлері күдікті ретінде облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына отыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0