НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қарағандыда қарақшылар микрокредиттік ұйымды тонап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
9 ақпанда күндіз болған оқиғаның видеосы Тemirtau.times instagram-паблигінде жарияланды.
"Медициналық бетперде киген белгісіз екі адам микрокредиттік ұйымдардың біріне келіп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап еткен", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ер адам қызды "айтқанымды істемей, қарсылық көрсетуге тырыссаң, өртеп жіберемін" деп қорқытқан. Кассир оларға 120 мың теңге берген.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтап, ұстау үшін полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды.