АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Ақсу қаласында ақау шыққан жолаушылар автобусы адамдар отырған көлікті бел ортасынан соғып, бірнеше метрге сырғытты. Оқиға куәгерлері артқа қарай жүрген автобусты видеоға түсіріп алған.
Павлодар облысының полициясы оқиғаның 22 ақпанда сағат 19.21-де "Астана" сауда үйі аумағында болғанын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, көлік тізгінінде 59 жастағы азамат болған. Hyundai маркалы автобустың беріліс қорабы түсініксіз жағдайда кептеліске түсіп, артқа қарай қозғалып кеткен.
Автобус жүріп кетіп артында тұрған Kio Rio автокөлігін бел ортасынан итере бастаған. Автобустың ішінде 3 адам, ал жеңіл көлікте 2 адам болған.
Абырой болғанда, жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Автобус қаладағы ЖШС-нің біріне тиесілі және №4 маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайтыны анықталды.
Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (көлік жүргізушісінің жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Автобус жүргізушісін 150 теңге үшін соққыға жықты – полиция ақпарат берді
Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлі адам 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.