Әлем

"Борат" фильмін еске түсірді": қазақстандық "ұшқыш сиыр" туралы шетелдік БАҚ-та жазылды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуМұнаралы кран, архивтегі сурет
Мұнаралы кран, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Мұндай әрекеті үшін құрылысшы кешірім сұрап видео жариялағанымен, сиырды биікке көтеруге не себеп болғаны жайлы тіс жармады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Ұлыбританияның Daily mail газеті Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың сиырды кранмен жоғары көтергені туралы жазып, бұл жағдайды "Борат" фильмімен байланыстырған.

Ағылшындық басылым құрылыс нысанында түсірілген оқиғаның суреті мен видеосын жариялады.

"Сиырды кранмен көтергені "Борат" фильміндегі көріністі еске түсіреді. Құрылысшы құрбандық шалып, құрылыс үшін жақсы мамандар табуға ниет еткен", – деп жазылған басылым ақпаратында.

Еске салсақ, 15 ақпан күні Нұр-Сұлтанда құрылысшылар жаңа салынып жатқан тұрғын үйдің жоғарғы қабатына сиырды кранмен көтерген.

"Ұшатын" сиырдың видеосы әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін жергілікті полиция оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады. Кейінірек құрылысшылардың бірі сиыр құрбан шалу үшін қажет болды деп түсіндірді. Осы әрекеті үшін ол кешірім сұрап видео жариялағанымен, сиырды соншалықты биікке көтеруге не себеп болғаны жайлы тіс жармады.

Оқи отырыңыз: Итті тоңазытқыштың есігімен азаптаған Атырау тұрғынына қатысты іс қайта қозғалды

Айта кетейік, құрылыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын ескермей, жануарға қатысты қатыгездік танытқаны үшін кінәлілер Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтар
0