АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Атырауда тоңазытқыштың есігімен итті тұншықтырған ер адамға қатысты іс қайта қозғалатын болды. Бұл жайында заңгер Жангелді Сүлейменов хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның итті тоңазытқыштың есігіне қысып, тұншықтырып жатқан видеосы тарады. Содан кейін осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша қолға түскен күдікті ер адам көпшілік алдында кешірім сұрады. Алайда көп ұзамай ит ауыр жарақат алмағаны ескеріліп, іс тоқтатылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"3 шілдеде Бас прокуратураға істі тоқтатудың күшін жою және қайта қозғау туралы шағым бердім. Бас прокуратура арызымды Атырау облысының прокуратурасына жолдады. Бүгін істі тоқтатудың күші жойылып, қаныпезерге қатысты қылмыстық іс қайта ашылатыны туралы хабарлама алдым", - деп жазды адвокат.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында браконьерлер жаралы арқармен селфи жасаған
Сүлейманов бұл жолы садистің жауапкершіліктен құтыла алмайтынына сенім білдіріп, Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллинге алғыс білдірді.