Өңірлер

Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Атыраудың екі тұрғыны букмекерлік кеңсе атын жамылып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан — Sputnik. Атырауда жедел-іздестіру шаралары кезінде төрт мекенжай бойынша "Э-БК" ЖШС букмекерлік кеңсесінің атын бүркеніп, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің жолы кесілді.

Ғимаратты тексеру барысында 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чектерді басып шығаруға арналған 14 термопринтер және 1,2 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат анықталды.

Атырау сотының үкімімен қаланың екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 28-бабында қарастырылған қылмысқа кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет пайдасына берілді.

Оқи отырыңыз: Қапшағай ойынханасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

 

Жаңалықтар
0