НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қапшағайда 21 жастағы жігіт ойынхана күзетшісін пышақтады.
Казинодағы оқиға туралы ақпарат полицияға жедел жәрдем дәрігерлерінен түскен, олар ойын мекемесінің 36 жастағы күзетшісін жансақтау бөліміне жеткізген. Тәртіп сақшылары ойынханаға келушілердің бірі төбелес шығарып, қызметкерлердің бірін пышақпен жарақаттағанын анықтады.
"Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті Талғар ауданының тұрғыны болып шықты, ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір жауап алынып жатыр", - деді Қапшағай полициясы бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.
Павлодар облысында көпбалалы ана жантүршігерлік қылмыс жасады
Полиция ұсталған адамға кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылғанын хабарлады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.