Қоғам

OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің миллиардтаған қаржысы тәркіленді

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Бұған дейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Алматы соты OlimpKZ букмекерлік кеңсесіне тиесілі 3,6 миллиард теңгені, әуе кемелері және автокөліктерді тәркілеу туралы шешім шығарды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

16 ақпан күні Алмалы аудандық соты прокурордың мүлікті тәркілеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Бұған дейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оларға қатысты үкім әлі шыққан жоқ. Мекеме басшыларына букмекерлік қызмет атын жамылып, заңсыз ойын бизнесімен айналысты және салықтан жалтарды деген айып тағылып отыр.

Сот 3,6 миллиард теңгені, төрт әуе кемесін және үш автокөлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бұл мүлікті қылмыстық жолмен тапқаны дәлелденді.

Оқи отырыңыз: ҰҚК "Олимп" кеңсесіне басып кірді: букмекерлік компания мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0