Пәкістандағы той киімдерінің сән апталығы он жылдық мерейтойын атап өтуде. Алғашқы сән көрсетілімі 2011 жылы өткен болатын. Сол уақыттан бері бұл апталық сән әлеміндегі маңызды оқиға қатарында келе жатыр.
Осы жылы Пәкістанның HUM TV Network Limited ойын-сауық платформасы пандемияға қарамастан сән көрсетілімін өткізді. Бірақ, шараны ұйымдастырушылар санитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауды ұмытқан жоқ.
Шара қатысушылары мен қонақтары көрсетілім аяқталғанға дейін міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.
Сонымен қатар, әрбір көрсетілімнен кейін бөлме ішіне дезинфекция жүргізіліп отырды.
Hum Bridal Couture Week аясында 35 дизайнер мен бренд өз топтамаларын ұсынды. Олар дәстүрлі және заманауи той киімдерінің түрлі үйлесімдерін тарту етті.