Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Пәкістанда сән апталығы қалай өтті – фото

Жазылу
Пәкістанның Лахор қаласында өткен Hum Bridal Couture Week сән апталығында ұсынылған әрбір киімді мінсіз әрі тамаша деп сипаттауға болады

Пәкістандағы той киімдерінің сән апталығы он жылдық мерейтойын атап өтуде. Алғашқы сән көрсетілімі 2011 жылы өткен болатын. Сол уақыттан бері бұл апталық сән әлеміндегі маңызды оқиға қатарында келе жатыр.

Осы жылы Пәкістанның HUM TV Network Limited ойын-сауық платформасы пандемияға қарамастан сән көрсетілімін өткізді. Бірақ, шараны ұйымдастырушылар санитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауды ұмытқан жоқ.

Шара қатысушылары мен қонақтары көрсетілім аяқталғанға дейін міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.

Сонымен қатар, әрбір көрсетілімнен кейін бөлме ішіне дезинфекция жүргізіліп отырды.

Hum Bridal Couture Week аясында 35 дизайнер мен бренд өз топтамаларын ұсынды. Олар дәстүрлі және заманауи той киімдерінің түрлі үйлесімдерін тарту етті.

© AFP 2024 / Arif AliЛахордағы Hum Bridal Couture Week аясындағы әрбір киімнен сән-салтанат пен асқан әсемдік сезіліп тұр.
Модель во время презентации коллекции Ayesha and Usman Ali на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
1/10
Лахордағы Hum Bridal Couture Week аясындағы әрбір киімнен сән-салтанат пен асқан әсемдік сезіліп тұр.
© AFP 2024 / Arif AliПандемияға қарамастан, пәкістандық сәнгерлерге өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берілді.
Модель во время презентации коллекции Ali Xeeshan на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
2/10
Пандемияға қарамастан, пәкістандық сәнгерлерге өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берілді.
© AFP 2024 / Arif AliАшық түстер, бағалы мата мен бұйымдар қалыңдық пен күйеу жігіттің той костюмдерінде ерекше үйлесім табады.
Модели во время презентации коллекции Ali Xeeshan на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
3/10
Ашық түстер, бағалы мата мен бұйымдар қалыңдық пен күйеу жігіттің той костюмдерінде ерекше үйлесім табады.
© AFP 2024 / Arif AliПәкістанда жұқа маталар өндірісі мен әсем кестелеу дәстүрі жүздеген жыл бұрын қалыптасқан.
Модель во время презентации коллекции Nisa Hussain на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
4/10
Пәкістанда жұқа маталар өндірісі мен әсем кестелеу дәстүрі жүздеген жыл бұрын қалыптасқан.
© AFP 2024 / Arif AliКөп топтама ашық түсті маталардан тігілгенімен, киімдердегі кестеленген ою-өрнектер қалыңдық көйлектеріне ерекше әсемдік беріп тұр.
Модели во время презентации коллекции Ayesha and Usman Ali на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
5/10
Көп топтама ашық түсті маталардан тігілгенімен, киімдердегі кестеленген ою-өрнектер қалыңдық көйлектеріне ерекше әсемдік беріп тұр.
© AFP 2024 / Arif AliҚалыңдықтың дәстүрлі киімі кең етекті белдемше мен тар жеңді туникадан және басқа арналған жамылғыдан тұрады.
Модель во время презентации коллекции Ayesha and Usman Ali на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
6/10
Қалыңдықтың дәстүрлі киімі кең етекті белдемше мен тар жеңді туникадан және басқа арналған жамылғыдан тұрады.
© AFP 2024 / Arif AliДизайнерлер тарихтан шабыт алып, дәстүрді құрмет тұтады. Бірақ, жыл сайын Пәкістанның той киімдерінің үлгісіне қандай да бір жаңашылдық енгізуге тырысады.
Модели во время презентации коллекции Ali Xeeshan на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
7/10
Дизайнерлер тарихтан шабыт алып, дәстүрді құрмет тұтады. Бірақ, жыл сайын Пәкістанның той киімдерінің үлгісіне қандай да бір жаңашылдық енгізуге тырысады.
© AFP 2024 / Arif AliАшық түстерден тігілген киім үлгілері қыздардың сұлулығын аша түскендей.
Модель во время презентации коллекции Ayesha and Usman Ali на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
8/10
Ашық түстерден тігілген киім үлгілері қыздардың сұлулығын аша түскендей.
© AFP 2024 / Arif AliДәстүрді негізге ала отырып, сәнгерлер өз фантазиясына қарай киім үлгілеріне өзгерістер енгізеді.
Модели во время презентации коллекции Ali Xeeshan на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
9/10
Дәстүрді негізге ала отырып, сәнгерлер өз фантазиясына қарай киім үлгілеріне өзгерістер енгізеді.
© AFP 2024 / Arif AliАл, сұлулар дизайнерлердің шабытқа толы туындыларын көрермен назарына қуана ұсынады.
Модель во время презентации коллекции Ali Xeeshan на показе мод Hum Bridal Couture Week в Лахоре  - Sputnik Қазақстан
10/10
Ал, сұлулар дизайнерлердің шабытқа толы туындыларын көрермен назарына қуана ұсынады.
Жаңалықтар
0