Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Фукусимадағы жер сілкінісінің салдары – фото

Жазылу
Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияның Фукусима префектурасындағы миллионға жуық үй жарықсыз қалды. Он жылдан кейін жергілікті АЭС-ке қайта қауіп төнді

Өткен демалыста жапониялық Мияги және Фукусима префектурасында екі жойқын жер дүмпуі болды.

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, жерасты дүмпулерінің салдарынан 15 адам зардап шегіп, миллионға жуық үй жарықсыз қалды.

Метеорологиялық басқарма бір апта бойы афтершоктар болуы мүмкін екенін ескертті. Қазірдің өзінде олардың саны 20-дан асып кетті.

Бастапқыда ұлттық метеорология басқармасы жариялаған магнитуда 7,1 болған. Кейінірек бұл болжам 7,3 деңгейіне дейін артты.

Жойқын табиғат апатына байланысты Жапония үкіметінің жанынан құрылған дағдарыстық штаб жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Рио карнавалының шаң басқан декорациясы – фото

Tokyo Electric Power энергетика компаниясы жер сілкінісінен кейін "Фукусима-1" АЭС-те штаттын тыс жағдайлар тіркелмегенін хабарлады. Алайда, елдегі бірнеше ЖЭС жұмысын тоқтатты.

Кейінірек "Фукусима" АЭС-тің бірнеше реакторында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндерден шағын су көлемі сыртқа аққаны белгілі болды.

Елдің солтүстік-шығысы мен солтүстігін байланыстыратын жүрдек пойыздардың бірінің тармағы істен шыққаны анықталды.

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасында мәлімдегендей, бұл жер сілкінісі 2011 жылдың 11 наурызында болған Ұлы шығыс-жапониялық жер сілкінісінің афтершогы болған.

© REUTERS / KYODOЖапонияның Фукусима префектурасындағы Куними қаласының тұрғындары жер дүмпуі салдарынан құлаған қабырғаларды жинап жатыр.
Куними қаласының тұрғындары - Sputnik Қазақстан
1/8
Жапонияның Фукусима префектурасындағы Куними қаласының тұрғындары жер дүмпуі салдарынан құлаған қабырғаларды жинап жатыр.
© REUTERS / KyodoЖер сілкінісінен "Фукусима" атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған. Бірақ Tokyo Electric Power компаниясы ағысы өзгерген су көлемі көп емес екенін және радиациялық жағдайға еш әсер етпейтінін хабарлады.
Жер сілкінісінен Фукусима атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған - Sputnik Қазақстан
2/8
Жер сілкінісінен "Фукусима" атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған. Бірақ Tokyo Electric Power компаниясы ағысы өзгерген су көлемі көп емес екенін және радиациялық жағдайға еш әсер етпейтінін хабарлады.
© AFP 2024 / JIJI PRESS Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.  - Sputnik Қазақстан
3/8
Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
© REUTERS / KyodoФукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.
Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр. - Sputnik Қазақстан
4/8
Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.
© REUTERS / Issei KatoИваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.
Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда. - Sputnik Қазақстан
5/8
Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.
© REUTERS / KyodoЖапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.
Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.  - Sputnik Қазақстан
6/8
Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.
© REUTERS / Issei KatoФукусима префектурасындағы жер сілкінісінен кейін Иваки қаласындағы пабтың жетпіс жастағы иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.
Иваки қаласындағы пабтың иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.  - Sputnik Қазақстан
7/8
Фукусима префектурасындағы жер сілкінісінен кейін Иваки қаласындағы пабтың жетпіс жастағы иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.
© AFP 2024 / JIJI PRESSСома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.
Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды. - Sputnik Қазақстан
8/8
Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.
Жаңалықтар
0